О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Сартерекского сельского округа Зайсанского района от 21 августа 2017 года № 6 "Об установлении ограничительных мероприятий в селе Шалкар Сартерекского сельского округа"

Решение акима Сартерекского сельского округа Зайсанского района Восточно-Казахстанской области от 16 февраля 2018 года № 5. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 2 марта 2018 года № 5505

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с подпунктом 8) статьи 10-1 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии", подпункт 4) пункта 2 статьи 46 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" и на основании представления главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора Зайсанского района от 27 декабря 2017 года № 445, аким Сартерекского сельского округа РЕШИЛ:

      1. Снять ограничительные мероприятия в селе Шалкар Сартерекского сельского округа Зайсанского района в связи с проведением комплекса ветеринарных мероприятий по ликвидации заболевания бруцеллеза среди крупного рогатого скота.

      2. Признать утратившим силу решение акима Сартерекского сельского округа Зайсанского района от 21 августа 2017 года № 6 "Об установлении ограничительных мероприятий в селе Шалкар Сартерекского сельского округа" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5206, опубликовано 16 сентября 2017 года в районной газете "Достық" и в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде от 13 сентября 2017 года).

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким сельского округа А. Орынбаев

Шектеу іс- шараларын тоқтату және "Сартерек ауылдық округінің Шалқар ауылына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Зайсан ауданы Сартерек ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 21 тамыздағы № 6 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Сартерек ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 5 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 2 наурызда № 5505 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес және Зайсан ауданының бас ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 445 ұсынысы негізінде, Сартерек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ірі қара малдардың бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Зайсан ауданының Сартерек ауылдық округіндегі Шалқар ауылында шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Зайсан ауданы Сартерек ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 21 тамыздағы № 6 "Сартерек ауылдық округінің Шалқар ауылына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5206 болып тіркелген, 2017 жылғы 16 қыркүйекте аудандық "Достық" газетінде және 2017 жылғы 13 қыркүйекте Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл округі әкімі Ә. Орынбаев