О внесении изменений и дополнения в решение Каратобинского районного маслихата от 24 декабря 2013 года № 19-13 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Каратобинского района"

Решение Каратобинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 22 июня 2018 года № 19-2. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 27 июня 2018 года № 5260. Утратило силу решением Каратобинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 10 апреля 2020 года № 41-2

      Сноска. Утратило силу решением Каратобинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 10.04.2020 № 41-2 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      В соответствии с Бюджетным кодексом Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 28 апреля 1995 года "О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним", от 13 апреля 2005 года "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", Каратобинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Каратобинского районного маслихата от 24 декабря 2013 года № 19-13 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Каратобинского района" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3416, опубликованное 4 февраля 2014 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующее изменения и дополнение:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Каратобинского района, утвержденных указанным решением:

      пункт 9 дополнить подпунктом 9) следующего содержания:

      "9) лицам, освобожденных из мест лишения свободы для адаптации, без учета доходов, в размере 10 МРП.";

      в приложении 1 пятую графу исключить;

      в приложении 3 первую графу изложить в следующий редакции:

      "1. Участники и инвалиды Великой Отечественной войны – 300 000".

      2. Руководителю аппарата Каратобинского районного маслихата (Жангазиев Ж.) обеспечить государственную регистрацию данного решения в органах юстиции, его официальное опубликование в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан и в средствах массовой информации.

      3. Настоящее решение вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Председатель сессии Г.Мырзагали
      Секретарь маслихата К.Суйеугалиев

      "СОГЛАСОВАНО"
Заместитель акима
Западно – Казахстанской области
Б.Конысбаева__________________
25 июнь 2018 года

      Примечание: расшифровка аббревиатуры:

      МРП – месячный расчетный показатель.

Қаратөбе аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 19-13 "Қаратөбе ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық мәслихатының 2018 жылғы 22 маусымдағы № 19-2 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 27 маусымда № 5260 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 41-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық мәслихатының 10.04.2020 № 41-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Қаратөбе аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қаратөбе аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 19-13 "Қаратөбе ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3416 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылы 4 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Қаратөбе ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасында:

      9 – тармақ мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

      "9) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға бейімделу үшін табыстарын есепке алмай 10 АЕК мөлшерінде көрсетіледі.";

      1-қосымшада бесінші баған алынып тасталсын;

      3-қосымшадағы бірінші баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері – 300 000".

      2. Қаратөбе аудандық мәслихатының аппарат басшысы (Ж.Жангазиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Ғ.Мырзағали
      Мәслихат хатшысы К.Суйеугалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Батыс Қазақстан облысы
әкімінің орынбасары
Б.Қонысбаева_________________
2018 жылғы 25 маусым

      Ескерту: аббревиатураның шешуі:

      АЕК – айлық есептік көрсеткіш.