Приказ Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 19 апреля 2019 года № 363. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 26 апреля 2019 года № 18590. Утратил силу приказом Министра финансов Республики Казахстан от 25 марта 2021 года № 245.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 19 сәуірдегі № 363 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 26 сәуірде № 18590 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 245 бұйрығымен.
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 25.03.2021 № 245 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді жедел режимде беруді қамтамасыз ететін заңды тұлғаны айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 205 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16468 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 13 наурызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді жедел режимде беруді қамтамасыз ететін заңды тұлғалар болып келесі заңды тұлғалар айқындалсын:
1) "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы;
2) "Транстелеком" акционерлік қоғамы;
3) "Кар-Тел" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. ".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгiленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Ә. Смайылов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, қорғаныс және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
______________________
2019 жылғы "____" ____________