О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 16 июля 2014 года № 137 "Об утверждении Стандарта бухгалтерского учета 33 "Учет и раскрытие информации об операциях по брокерской деятельности"

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 14 октября 2019 года № 172. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 23 октября 2019 года № 19505

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 30 марта 1995 года "О Национальном Банке Республики Казахстан" в целях совершенствования бухгалтерского учета в организациях, осуществляющих брокерскую деятельность на рынке ценных бумаг, Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 16 июля 2014 года № 137 "Об утверждении Стандарта бухгалтерского учета 33 "Учет и раскрытие информации об операциях по брокерской деятельности" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 9735, опубликовано 7 ноября 2014 года в газете "Юридическая газета" № 169 (2737) следующие изменения:

      в Стандарте бухгалтерского учета 33 "Учет и раскрытие информации об операциях по брокерской деятельности", утвержденном указанным постановлением:

      заголовок главы 1 изложить в следующей редакции:

      "Глава 1. Цель и сфера действия";

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящий Стандарт бухгалтерского учета 33 "Учет и раскрытие информации об операциях по брокерской деятельности" (далее – Стандарт) разработан в соответствии с законами Республики Казахстан от 30 марта 1995 года "О Национальном Банке Республики Казахстан", от 28 февраля 2007 года "О бухгалтерском учете и финансовой отчетности", Правилами осуществления брокерской и (или) дилерской деятельности на рынке ценных бумаг, порядком проведения брокером и (или) дилером банковских операций, утвержденными постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 3 февраля 2014 года № 9 "Об утверждении Правил осуществления брокерской и (или) дилерской деятельности на рынке ценных бумаг, порядка проведения брокером и (или) дилером банковских операций" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 9249), и предназначен для применения организацией, осуществляющей брокерскую деятельность на рынке ценных бумаг, (далее – брокер) при составлении финансовой отчетности.";

      заголовки глав 2 и 3 изложить в следующей редакции:

      "Глава 2. Понятия, используемые в Стандарте";

      "Глава 3. Учет и первоначальное признание";

      части вторую и третью пункта 8 изложить в следующей редакции:

      "Если в соответствии с условиями договора об оказании брокерских услуг выполняются в совокупности критерии признания денег, принятых от клиента, в качестве актива, в собственном бухгалтерском балансе брокера, предусмотренные частью первой настоящего пункта, то деньги, принятые от клиента, отражаются на балансовых счетах и признаются в собственном бухгалтерском балансе брокера в качестве собственных активов.

      Если в соответствии с условиями договора об оказании брокерских услуг не выполняются в совокупности критерии признания денег, принятых от клиента, в качестве актива, в собственном бухгалтерском балансе брокера, предусмотренные частью первой настоящего пункта, то деньги, принятые от клиента, не отражаются на балансовых счетах и не признаются в собственном бухгалтерском балансе брокера в качестве собственных активов.";

      заголовки глав 4 и 5 изложить в следующей редакции:

      "Глава 4. Доходы (расходы) от оказания услуг по брокерскому обслуживанию";

      "Глава 5. Раскрытие информации";

      главу 6 исключить.

      2. Департаменту бухгалтерского учета (Рахметова С.К.) в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) совместно с Юридическим департаментом (Касенов А.С.) государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на официальном интернет-ресурсе Национального Банка Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего постановления представление в Юридический департамент сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктом 2) настоящего пункта и пунктом 3 настоящего постановления.

      3. Департаменту внешних коммуникаций – пресс-службе Национального Банка (Адамбаева А.Р.) обеспечить в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего постановления направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Галиеву Д.Т.

      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель
Национального Банка
Е. Досаев

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство финансов
Республики Казахстан

"Брокерлік қызмет бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және ашу" 33 бухгалтерлік есеп стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 137 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 14 қазандағы № 172 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 23 қазанда № 19505 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардағы бухгалтерлік есепті жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Брокерлік қызмет бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және ашу" 33 бухгалтерлік есеп стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 137 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9735 болып тіркелген, 2014 жылғы 7 қарашада "Заң газеті" газетінде № 169 (2563) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Брокерлік қызмет бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және ашу" 33 бухгалтерлік есеп стандартында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Мақсаты және қолданылу аясы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Брокерлік қызмет бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және ашу" 33 бухгалтерлік есеп стандарты (бұдан әрі – Стандарт) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының заңдарына, "Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларын, брокердің және (немесе) дилердің банк операцияларын жүргізу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 9 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9249 болып тіркелген) бекітілген Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларына, брокердің және (немесе) дилердің банк операцияларын жүргізу тәртібіне сәйкес әзірленді және бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның (бұдан әрі – брокер) қаржылық есептілікті жасаған кезде қолдануына арналған.";

      2 және 3-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Стандартта пайдаланылатын ұғымдар";

      "3-тарау. Есепке алу және бастапқы тану";

      8-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер брокерлік қызмет көрсету туралы шарт талаптарына сәйкес осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген клиенттен қабылданған ақшаны брокердің меншікті бухгалтерлік балансында актив ретінде тану критерийлерінің жиынтығында орындалса, онда клиенттен қабылданған ақша баланстық шоттарда көрсетіледі және брокердің меншікті бухгалтерлік балансында меншікті активтер ретінде танылады.

      Егер брокерлік қызмет көрсету туралы шарт талаптарына сәйкес осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген клиенттен қабылданған ақшаны брокердің меншікті бухгалтерлік балансында актив ретінде тану критерийлерінің жиынтығында орындалмаса, онда клиенттен қабылданған ақша баланстық шоттарда көрсетілмейді және брокердің меншікті бухгалтерлік балансында меншікті активтері ретінде танылмайды.";

      4 және 5-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Брокерлік қызмет көрсету бойынша қызметтер көрсетуден кірістер (шығыстар)";

      "5-тарау. Ақпаратты ашу";

      6-тарау алып тасталсын.

      2. Бухгалтерлік есеп департаменті (Рахметова С.К.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Қасенов А.С.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі (Адамбаева Ә.Р.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк Төрағасы Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі