О внесении изменений и дополнения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 27 сентября 2018 года № 1456 "Об утверждении типового договора страхования профессиональной ответственности юридических консультантов"

Приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 19 декабря 2019 года № 601. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 20 декабря 2019 года № 19749

      Примечание ИЗПИ!
Настоящий приказ вводится в действие с 1 января 2020 года.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 27 сентября 2018 года № 1456 "Об утверждении типового договора страхования профессиональной ответственности юридических консультантов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 17502, опубликован 18 октября 2018 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан) следующие изменения и дополнение:

      в Типовом договоре страхования профессиональной ответственности юридических консультантов, утвержденных указанным приказом:

      пункт 1 дополнить подпунктом 4-1) в следующей редакции:

      "4-1) Страховой интерес – имущественный интерес страхователя (застрахованного, выгодоприобретателя) в предотвращении рисков и недопущении наступления страхового случая, за исключением событий, которые могут быть предусмотрены по договору накопительного страхования.";

      пункт 11 изложить в следующей редакции:

      "11. Под профессиональными ошибками понимаются:

      1) пропуск процессуальных сроков;

      2) неправильное оформление документов;

      3) неизвещение лица, которому в соответствии с договором оказывается юридическая помощь, о последствиях совершаемых юридических действий, повлекших причинение ему вреда;

      4) утрата или порча документов, полученных страхователем (застрахованным лицом) от клиента для оказания юридической помощи;

      5) неправомерное разглашение сведений, которые стали известны застрахованному лицу в процессе оказания им юридической помощи.";

      пункт 13 изложить в следующей редакции:

      "13. Доказывание наступления страхового случая, а также причиненных им убытков лежит на страхователе (выгодоприобретателе, застрахованном).".

      2. Департаменту регистрационной службы и организации юридических услуг Министерства юстиции Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего Вице-министра юстиции Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 1 января 2020 года и подлежит официальному опубликованию.

      Министр юстиции
Республики Казахстан
М. Бекетаев

      "СОГЛАСОВАН"
Национальный Банк
Республики Казахстан

"Заң консультанттарының кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 1456 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 19 желтоқсандағы № 601 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 20 желтоқсанда № 19749 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Заң консультанттарының кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 1456 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17502 тіркелген, 2018 жылғы 18 қазанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Заң консультанттарының кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шартында:

      1-тармақ мынадай редакциядағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) Сақтандыру мүддесі – жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша көзделуі мүмкін оқиғаларды қоспағанда, сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) тәуекелдерді болғызбаудағы және сақтандыру жағдайының басталуына жол бермеудегі мүліктік мүддесі.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Кәсіптік қателіктер деп мыналар:

      1) процестік мерзімдерді өткізіп алу;

      2) құжаттарды дұрыс ресімдемеу;

      3) шартқа сәйкес заң көмегі көрсетілетін тұлғаға зиян келтіруге алып келген, жасалатын заңдық әрекеттердің салдарлары туралы оған хабарламау;

      4) Сақтанушы (Сақтандырылған адам) заң көмегін көрсету үшін клиенттен алған құжаттардың жоғалуы немесе бүлінуі;

      5) Сақтандырылған адамның заң көмегін көрсету процесінде өзіне мәлім болған мәліметтерді құқыққа сыйымсыз жария етуі түсініледі.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Сақтандыру жағдайының басталғандығын, сондай-ақ ол келтірген зияндарды дәлелдеу сақтанушының (пайда алушының, сақтандырылушының) міндетіне жатады.".

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет Вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық Банкі