О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 4 декабря 2014 года № 540 "Об утверждении Правил исполнения бюджета и его кассового обслуживания"

Приказ Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 25 декабря 2019 года № 1417. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 26 декабря 2019 года № 19766

      В соответствии с пунктом 8 статьи 82 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 4 декабря 2014 года № 540 "Об утверждении Правил исполнения бюджета и его кассового обслуживания" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 9934) следующее изменение:

      в Правилах исполнения бюджета и его кассового обслуживания, утвержденных указанным приказом:

      пункт 632 изложить в следующей редакции:

      "632. Основными критериями кредитоспособности специализированной организации, заключающей кредитный договор с кредитором в лице уполномоченного органа по исполнению бюджета либо кредитором соответствующего местного исполнительного органа, являются:

      отсутствие задолженности (просроченной задолженности) по кредитам, полученным ранее за счет денег республиканского и/или местных бюджетов;

      отсутствие налоговой задолженности;

      соблюдение пруденциальных нормативов, установленных банковским законодательством, в течение трех последних месяцев, предшествующих дате проведения конкурса;

      собственный капитал должен превышать сумму предоставляемого бюджетного кредита и остатка основного долга по ранее выданным бюджетным кредитам не менее чем в два раза, за исключением финансовых агентств, осуществляющих деятельность жилищных строительных сберегательных банков, национального управляющего холдинга, основной деятельностью которого является управление принадлежащими ему на праве собственности и переданных в доверительное управление пакетов акций (долей участия) национальных институтов развития, национальных компаний, у которых собственный капитал должен составлять не менее пятидесяти процентов от суммы предоставляемого бюджетного кредита и остатка основного долга по ранее выданным бюджетным кредитам;

      наличие обеспечения по своевременному возврату бюджетных кредитов; при необходимости наличие филиальной сети и/или корреспондентской сети.".

      2. Департаменту бюджетного законодательства Министерства финансов Республики Казахстан (Ерназарова З.А.) в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Настоящий приказ вводится в действие со дня государственной регистрации и подлежит официальному опубликованию.

      Первый Заместитель
Премьер-Министра
Республики Казахстан-Министр финансов
А. Смаилов

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

"Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 1417 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 26 желтоқсанда № 19766 болып тіркелді

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексі 82-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:

      632- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "632. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органының кредиторымен немесе тиісті жергілікті атқарушы органның кредиторымен кредиттік шарт жасасатын қарыз алушы банктің кредиттік қабілетінің негізгі өлшемдері:

      бұрын республикалық және/немесе жергілікті бюджеттердің ақшасы есебінен алынған кредиттер бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы;

      салықтық берешектің болмауы;

      конкурсты өткізу күнінің алдындағы соңғы үш айдың ішінде банк заңнамасында белгіленген пруденциялық нормативтерді сақтауы;

      меншікті капиталы берілетін бюджеттік кредит пен бұрын берілген бюджеттік кредиттер бойынша негізгі борыш қалдығы сомасынан кемінде елу пайызды құрауы тиіс болатын тұрғын үй құрылыс жинақ банктерінің қызметтерін жүзеге асыратын қаржы агенттіктерін, негізгі қызметі ұлттық басқарушы институттардың және ұлттық компаниялардың меншік құқығында тиесілі және сенімгерлік басқаруға берген акциялар пакеттерін (қатысу үлестерін) басқару болып табылатын ұлттық басқарушы холдингін қоспағанда, меншікті капиталы берілетін бюджеттік кредит пен бұрын берілген бюджеттік кредиттер бойынша негізгі борыш қалдығы сомасынан кемінде екі есеге артық болуға тиіс;

      бюджеттік кредиттерді уақтылы қайтару бойынша қамтамасыз етудің болуы; қажет болған кезде филиалдық желінің және/немесе корреспонденттік желінің болуы болып табылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (Ерназарова З.А.) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Бірінші Орынбасары- Қаржы министрі
А. Смаилов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі