О внесении изменения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 17 июля 2017 года № 357 "Об утверждении Правил набора призывников, военнообязанных, их направления и обучения на безвозмездной и возмездной основах, организации учебно-воспитательного процесса, а также сроки обучения по военно-техническим и иным специальностям в специализированных организациях Министерства обороны Республики Казахстан"

Приказ Министра обороны Республики Казахстан от 10 декабря 2019 года № 1012. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 20 января 2020 года № 19894

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 17 июля 2017 года № 357 "Об утверждении Правил набора призывников, военнообязанных, их направления и обучения на безвозмездной и возмездной основах, организации учебно-воспитательного процесса, а также сроки обучения по военно-техническим и иным специальностям в специализированных организациях Министерства обороны Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 15517, опубликован 15 сентября 2017 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан) следующее изменение:

      в Правилах набора призывников, военнообязанных, их направления и обучения на безвозмездной и возмездной основах, организации учебно-воспитательного процесса, а также сроки обучения по военно-техническим и иным специальностям в специализированных организациях Министерства обороны Республики Казахстан, утвержденных указанным приказом:

      пункт 7 изложить в следующей редакции:

      "7. Для обучения в специализированные организации не направляются призывники, военнообязанные, имеющие судимость.".

      2. Департаменту организационно-мобилизационной работы Генерального штаба Вооруженных Сил Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства обороны Республики Казахстан после его первого официального опубликования;

      3) направление сведений в Юридический департамент Министерства обороны Республики Казахстан об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя Министра обороны Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ довести до должностных лиц в части, их касающейся.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр обороны
Республики Казахстан
Н. Ермекбаев

"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша әскерге шақырылушыларды, әскери міндеттілерді жинау, оларды жіберу және өтеусіз және өтеулі негіздерде оқыту, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ оқу мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 357 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 10 желтоқсандағы № 1012 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 20 қаңтарда № 19894 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша әскерге шақырылушыларды, әскери міндеттілерді жинау, оларды жіберу және өтеусіз және өтеулі негіздерде оқыту, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ оқу мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 357 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15517 болып тіркелген, 2017 жылғы 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша әскерге шақырылушыларды, әскери міндеттілерді жинау, оларды жіберу және өтеусіз және өтеулі негіздерде оқыту, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру қағидаларында, сондай-ақ оқу мерзімдерінде:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мамандандырылған ұйымдарда оқыту үшін соттылығы бар әскерге шақырылушылар, әскери міндеттілер жіберілмейді.".

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми түрде жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
Н. Ермекбаев