О признании утратившим силу постановления акимата города Кокшетау от 31 мая 2018 года № А-5/1340 "Об утверждении коэффициентов зонирования учитывающих месторасположение объекта налогообложения в административных границах города Кокшетау"

Постановление акимата города Кокшетау Акмолинской области от 24 июля 2019 года № А-7/1303. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 25 июля 2019 года № 7289

      Примечание РЦПИ.

      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии со статьей 27 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах", акимат города Кокшетау ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Признать утратившим силу постановление акимата города Кокшетау "Об утверждении коэффициентов зонирования учитывающих месторасположение объекта налогообложения в административных границах города Кокшетау" от 31 мая 2018 года № А-5/1340 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 6680, опубликовано 26 июня 2018 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде).

      2. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Аким города Кокшетау А.Смаилов

Көкшетау қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № А-5/1340 "Көкшетау қаласының әкімшілік шекараларында салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 24 шілдедегі № А-7/1303 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 25 шілдеде № 7289 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Көкшетау қаласы әкімдігінің "Көкшетау қаласының әкімшілік шекараларында салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы" 2018 жылғы 31 мамырдағы № А-5/1340 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6680 болып тіркелген, 2018 жылғы 26 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Көкшетау қаласының әкімі А.Смайылов