Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность района Биржан сал

Решение маслихата района Биржан сал Акмолинской области от 19 июня 2019 года № С-40/5. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 25 июня 2019 года № 7250. Утратило силу решением маслихата района Биржан сал Акмолинской области от 5 ноября 2021 года № С-9/4

      Сноска. Утратило силу решением маслихата района Биржан сал Акмолинской области от 05.11.2021 № С-9/4 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 3) статьи 19-1 Экологического кодекса Республики Казахстан от 9 января 2007 года, маслихат района Биржан сал РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность района Биржан сал.

      2. Признать утратившим силу решение Енбекшильдерского районного маслихата "Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность Енбекшильдерского района" от 25 декабря 2017 года № С-18/8 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 6352, опубликовано 25 января 2018 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде).

      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель сессии
районного маслихата
К.Тастанбеков
      Секретарь
районного маслихата
С.Шауенов

      "СОГЛАСОВАНО"

      Аким района Биржан сал
Акмолинской области

  Утверждены
решением маслихата
района Биржан сал
от 19 июня 2019 года
№ С-40/5

Правила управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность района Биржан сал

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность района Биржан сал, разработаны в соответствии с подпунктом 5) статьи 20-1 Экологического кодекса Республики Казахстан от 9 января 2007 года и определяют порядок управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность района Биржан сал.

      2. Передача бесхозяйных отходов в коммунальную собственность района Биржан сал осуществляется на основании судебного решения.

      3. Управление бесхозяйными отходами осуществляется местным исполнительным органом района.

      4. Для целей управления бесхозяйными отходами местным исполнительным органом района создается комиссия (далее - комиссия).

      Органом по организации работ по управлению бесхозяйными отходами определяется государственное учреждение "Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог" района Биржан сал.

      5. Управление бесхозяйными отходами – это деятельность по оценке, учету, дальнейшему использованию, реализации, утилизации и удалению отходов.

Глава 2. Порядок управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность

      6. Учет, хранение, оценка, дальнейшее использование бесхозяйных отходов осуществляется в соответствии с Правилами учета, хранения, оценки и дальнейшего использования имущества, обращенного (поступившего) в собственность государства по отдельным основаниям, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 26 июля 2002 года № 833.

      7. Организация работы по безопасной утилизации и удалению невостребованных бесхозяйных отходов осуществляется местным исполнительным органом района с учетом рекомендаций комиссии в соответствии с требованиями экологического законодательства Республики Казахстан за счет средств местного бюджета.

      8. Выбор поставщика услуг по утилизации и удалению бесхозяйных отходов осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан о государственных закупках.

      9. Рекультивация территорий, на которых были размещены бесхозяйные отходы, после их реализации, утилизации и удаления, производится в соответствии с требованиями земельного законодательства Республики Казахстан.

Глава 3. Заключительные положения

      10. В процессе обращения с бесхозяйными отходами соблюдаются требования, предусмотренные экологическим законодательством Республики Казахстан.

Сот шешімімен Біржан сал ауданының коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы

Ақмола облысы Біржан сал ауданы мәслихатының 2019 жылғы 19 маусымдағы № С-40/5 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 25 маусымда № 7250 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Біржан сал ауданы мәслихатының 2021 жылғы 5 қарашадағы № С-9/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Біржан сал ауданы мәслихатының 05.11.2021 № С-9/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Біржан сал ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған сот шешімімен Біржан сал ауданының коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.

      2. Еңбекшілдер аудандық мәслихатының "Сот шешімімен Еңбекшілдер ауданының коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № С-18/8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6352 тіркелген, 2018 жылғы 25 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
Қ.Тастанбеков
      Аудандық мәслихат
хатшысы
С.Шәуенов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Ақмола облысы
Біржан сал ауданының әкімі

  Біржан сал ауданы мәслихатының
2019 жылғы 19 маусымдағы
№ С-40/5 шешімімен
бекітілген

Сот шешімімен Біржан сал ауданының коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы сот шешімімен Біржан сал ауданының коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидалары Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 20-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және сот шешiмiмен Біржан сал ауданының коммуналдық меншiкке түскен болып танылған иесiз қалдықтарды басқару тәртiбiн айқындайды.

      2. Иесіз қалдықтарды Біржан сал ауданының коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

      3. Иесіз қалдықтарды басқаруды ауданның жергiлiктi атқарушы органы жүзеге асырады.

      4. Иесіз қалдықтарды басқару мақсатында ауданның жергiлiктi атқарушы органы комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрады.

      Иесіз қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын орган ретінде Біржан сал ауданының "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі белгіленеді.

      5. Иесіз қалдықтарды басқару – бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, іске асыру, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.

2-тарау. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі

      6. Иесіз қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану Қағидаларына сәйкес атқарылады.

      7. Талап етілмеген иесіз қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату және жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды ауданның жергілікті атқарушы органы комиссияның ұсыныстарын ескере отырып Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

      8. Иесіз қалдықтарды кәдеге жарату және жою бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      9. Иесіз қалдықтар іске асырылғаннан, кәдеге жаратылғаннан және жойылғаннан кейін олардың орналасқан аумақтарын қалпына келтіру Қазақстан Республикасының жер заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

3-тарау. Қорытынды ережелер

      10. Иесіз қалдықтармен жұмыс iстеу барысында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады.