Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации в Шортандинском районе на 2020 год

Постановление акимата Шортандинского района Акмолинской области от 21 ноября 2019 года № А-11/230. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 27 ноября 2019 года № 7516

      В соответствии с подпунктом 2) пункта 1 статьи 18 Уголовно-исполнительного кодекса Республики Казахстан от 5 июля 2014 года, подпунктом 7) статьи 9, подпунктом 2) пункта 1 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения", приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 26 мая 2016 года № 412 "Об утверждении Правил квотирования рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 13898), акимат Шортандинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить квоту рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации в Шортандинском районе на 2020 год, согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Мухамедина Е.К.

      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Аким района Г.Касенов

  Приложение
к постановлению акимата
Шортандинского района
от "21" ноября 2019 года
№ А-11/230

Квота рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации в Шортандинском районе на 2020 год

Наименование организации

Списочная численность работников

Размер квоты
(%)

1

Акционерное общество "Петровское"

177

0,6


2020 жылға арналған Шортанды ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 21 қарашадағы № А-11/230 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 27 қарашада № 7516 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 7) тармақшасына, 27 бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес, Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2020 жылға арналған Шортанды ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Қ. Мұхамединге жүктелсін.

      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Г.Касенов

  Шортанды ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "21" қарашадағы
№ А-11/230 қаулысына
қосымша

2020 жылға арналған Шортанды ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері
(%)

1

"Петровское" акционерлік қоғамы

177

0,6