О создании государственного природного заказника местного значения "Озерный"

Постановление акимата Актюбинской области от 18 июля 2019 года № 271. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 22 июля 2019 года № 6290

      В соответствии со статьей 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 4) пункта 2 статьи 10 Закона Республики Казахстан от 7 июля 2006 года "Об особо охраняемых природных территориях", акимат Актюбинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Создать государственный природный заказник местного значения "Озерный" (далее – Заказник) на территории Айтекебийского района Актюбинской области, общей площадью 154 048,43 гектара без изъятия земель у собственников и землепользователей.

      2. Заказник передать в ведение государственного учреждения "Карабутакское лесное хозяйство".

      3. Государственному учреждению "Управление природных ресурсов и регулирования природопользования Актюбинской области" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в Департаменте юстиции Актюбинской области;

      2) направление настоящего постановления на официальное опубликование в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде;

      3) размещение настоящего постановления на интернет - ресурсе акимата Актюбинской области.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Актюбинской области.

      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Актюбинской области О. Уразалин
      "СОГЛАСОВАНО"
      Комитет лесного хозяйства и
животного мира Министерства
сельского хозяйства
Республики Казахстан

Жергілікті маңызы бар "Озерный" мемлекеттік табиғи қаумалын құру туралы

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 18 шілдедегі № 271 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 22 шілдеде № 6290 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Заңының 10-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардан жерлерін алып қоймастан Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданы аумағында жергілікті маңызы бар, жалпы алаңы 154 048,43 гектар "Озерный" мемлекеттік табиғи қаумалы (бұдан әрі – Қаумал) құрылсын.

      2. Қаумал "Қарабұтақ орман шаруашылығы" мемлекеттік мекемесінің қарамағына берілсін.

      3. "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін;

      3) осы қаулыны Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі О. Оразалин
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Орман шаруашылығы және
жануарлар дүниесі комитеті