Об изменениях в административно-территориальном устройстве Темирского района

Постановление акимата Актюбинской области от 20 сентября 2019 года № 371 и решение маслихата Актюбинской области от 20 сентября 2019 года № 459. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 25 сентября 2019 года № 6390

      В соответствии с подпунктами 2), 3) статьи 11 Закона Республики Казахстан от 8 декабря 1993 года "Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан", подпунктом 4) пункта 1 статьи 6 и пунктом 2 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и учитывая предложения представительного и исполнительного органов Темирского района, акимат Актюбинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ и Актюбинский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Изменить согласно прилагаемой схематической карте № 1 границы Шубаркудыкского сельского округа, исключив из его состава территорию общей площадью 8320 гектаров, в том числе село Шубаркудык и станцию Жаксымай.

      Установить границы Шубаркудыкского сельского округа общей площадью 24640 гектаров.

      2. Упразднить Шыгырлийский сельский округ.

      3. Изменить согласно прилагаемой схематической карте № 2 границы Аксайского сельского округа, исключив из его состава территорию общей плошадью 41024 гектар и включив в его состав территорию упраздняемого Шыгырлийского сельского округа общей площадью 88076 гектаров, в том числе село Шыгырлы общей площадью 8504 гектаров, село Бирлик общей площадью 3893 гектаров и село Ащысай общей площадью 4209 гектаров.

      Установить границы Аксайского сельского округа общей площадью 157958 гектаров.

      4. Образовать согласно прилагаемой схематической карте № 3 Жаксымайский сельский округ, включив в его состав территорию общей площадью 49344 гектаров, в том числе территорию, выделенную из состава Аксайского сельского округа общей площадью 41024 гектаров, село Шубаркудык общей площадью 4160 гектаров и станцию Жаксымай общей площадью 4160 гектаров, с административным центром в селе Шубаркудык.

      5. Государственным учреждениям "Управление экономики и бюджетного планирования Актюбинской области" и "Управление финансов Актюбинской области" совместно с акиматом Темирского района решить вопросы планирования и финансирования содержания вновь созданных административно-территориальных единиц и принять иные необходимые меры, вытекающие из настоящего совместного постановления акимата и решения маслихата.

      6. Государственному учреждению "Департамент статистики Актюбинской области" (по согласованию) внести соответствующие изменения в учетные данные административно-территориальных единиц области.

      7. Государственному учреждению "Управление сельского хозяйства Актюбинской области" привести в соответствие с произведенными изменениями в административно-территориальном устройстве Темирского района земельно-кадастровую документацию.

      8. Контроль за исполнением настоящего совместного постановления акимата и решения маслихата возложить на руководителя аппарата акима Актюбинской области.

      9. Настоящее совместное постановление акимата и решение маслихата вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня их первого официального опубликования.

      Аким области О. ОРАЗАЛИН
      Секретарь областного маслихата С. КАЛДЫГУЛОВА
      Председатель сессии областного маслихата А. БУЛАТОВ










Темір ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 20 қыркүйектегі № 371 қаулысы және Ақтөбе облыстық мәслихатының 2019 жылғы 20 қыркүйектегі № 459 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 25 қыркүйекте № 6390 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабының 2), 3) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1-тармағының 4) тармақшасына және 27-бабының 2-тармағына сәйкес және Темір ауданының өкiлдi және атқарушы органдарының ұсыныстарын ескере отырып, Ақтөбе облысы әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған № 1 схемалық картаға сәйкес, Шұбарқұдық ауылдық округінің шекаралары, оның құрамынан жалпы көлемі 8320 гектар аумақты, соның ішінде Шұбарқұдық ауылын және Жақсымай бекетін шығара отырып өзгертілсін.

      Жалпы көлемі 24640 гектар Шұбарқұдық ауылдық округінің шекаралары белгіленсін.

      2. Шығырлы ауылдық округі таратылсын.

      3. Қоса беріліп отырған № 2 схемалық картаға сәйкес, Ақсай ауылдық округінің шекаралары, оның құрамынан жалпы көлемі 41024 гектар аумағы шығарылып және оның құрамына таратылатын Шығырлы ауылдық округінің жалпы көлемі 88076 гектар аумағын, соның ішінде жалпы көлемі 8504 гектар Шығырлы ауылын, жалпы көлемі 3893 гектар Бірлік ауылын және жалпы көлемі 4209 гектар Ащысай ауылын қоса отырып өзгертілсін.

      Жалпы көлемі 157958 гектар Ақсай ауылдық округінің шекаралары белгіленсін.

      4. Қоса беріліп отырған № 3 схемалық картаға сәйкес, әкімшілік орталығы Шұбарқұдық ауылы болып, оның құрамына жалпы көлемі 49344 гектар аумақты, соның ішінде Ақсай ауылдық округінің құрамынан шығарылған жалпы көлемі 41024 гектар аумақты, жалпы көлемі 4160 гектар Шұбарқұдық ауылын және жалпы көлемі 4160 гектар Жақсымай бекетін қоса отырып, Жақсымай ауылдық округі құрылсын.

      5. "Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" және "Ақтөбе облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемелері Темір ауданы әкімдігімен бірлесе отырып, жаңадан құрылған әкімшілік-аумақтық бірліктерді ұстауды жоспарлау және қаржыландыру мәселелерін шешсін және осы бірлескен әкімдіктің қаулысынан және мәслихаттың шешімінен туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.

      6. "Ақтөбе облысының статистика департаменті" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) облыстың әкімшілік-аумақтық бірліктерінің есептік деректеріне тиісті өзгерістер енгізсін.

      7. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі жер-кадастр құжаттамаларын Темір ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысында жасалған өзгерістермен сәйкестендірсін.

      8. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысының және мәслихаттың шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      9. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі О. ОРАЗАЛИН
      Облыстық мәслихатының хатшысы С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА
      Облыстық мәслихатының сессия төрағасы А. БОЛАТОВ