О внесении изменений в решение XLI сессии V созыва Карагандинского городского маслихата от 27 ноября 2014 года № 363 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Караганды"

Решение Карагандинского городского маслихата от 28 ноября 2019 года № 460. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 5 декабря 2019 года № 5559. Утратило силу решением Карагандинского городского маслихата от 27 сентября 2023 года № 96

      Сноска. Утратило cилу решением Карагандинского городского маслихата от 27.09.2023 № 96 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", в целях социальной поддержки отдельных категорий нуждающихся граждан Карагандинский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. В решение Карагандинского городского маслихата от 27 ноября 2014 года № 363 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Караганды" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2898, опубликовано в газете "Взгляд на события" от 29 декабря 2014 года № 162 (1396), в информационно-правовой системе "Әділет" от 8 января 2015 года) внести следующие изменения:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Караганды, утвержденных указанным решением (далее - Правила):

      1) пункт 7 Правил изложить в следующей редакции:

      "7. Перечень памятных дат и праздничных дней для оказания социальной помощи:

      1) День вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан;

      2) День аварии на Чернобыльской АЭС;

      3) День Победы в Великой Отечественной войне;

      4) День Государственных символов Республики Казахстан;

      5) День Независимости Республики Казахстан;

      6) День пожилых людей.";

      2) подпункт 2) пункта 17 Правил исключить.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии С. Буранкулова
      Секретарь городского маслихата К. Бексултанов

V шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының XLI сессиясының 2014 жылғы 27 қарашадағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қарағанды қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасын бекіту туралы" № 363 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қарағанды қалалық мәслихатының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 460 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 5 желтоқсанда № 5559 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 96 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының 27.09.2023 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 Қаулысына сәйкес, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау мақсатында, Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қарағанды қалалық мәслихатының 2014 жылғы 27 қарашадағы № 363 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қарағанды қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасын бекіту туралы шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2898 болып тіркелген, 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 162 (1396) "Взгляд на события" газетінде, 2015 жылғы 8 қаңтардағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Қарағанды қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасында (бұдан әрі – Қағида):

      1) Қағиданың 7 тармағы келесі редакцияда баяндалсын:

      "7. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізімі:

      1) Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні;

      2) Чернобыль АЭС-дағы апат күні;

      3) Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні;

      4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні;

      5) Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні;

      6) Қарттар күні.";

      2) Қағиданың 17 тармағының 2) тармақшасы алынып тасталсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы С. Буранкулова
      Қалалық мәслихат хатшысы Қ. Бексұлтанов