О предоставлении мер социальной поддержки в виде подъемного пособия и бюджетного кредита для приобретения или строительства жилья специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Актогайского района в 2019 году

Решение Актогайского районного маслихата Карагандинской области от 10 апреля 2019 года № 296. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 12 апреля 2019 года № 5286.

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 8 статьи 18 Закона Республика Казахстан от 08 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", Постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2009 года № 183 "Об определении размеров предоставления мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты", районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Предоставить меры социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Актогайского района в 2019 году в виде подъемного пособия в сумме, равной стократному месячному расчетному показателю на момент подачи заявления и для приобретения или строительства жилья в виде бюджетного кредита в сумме заявленной специалистом, но не превышающей одну тысячу пятисоткратного месячного расчетного показателя на момент подачи заявления.

      Сноска. Пункт 1 – в редакции решения Актогайского районного маслихата Карагандинской области от 16.09.2019 № 323 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования).

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии, секретарь районного маслихата Р. Абеуов

2019 жылы Ақтоғай ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 296 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 12 сәуірде № 5286 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" Қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. 2019 жылы Ақтоғай ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, өтініш берген сәтіне жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін өтініш берген сәтіне, маманмен мәлімделген сомада, бірақ бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын сомада бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 16.09.2019 № 323 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы, аудандық мәслихат хатшысы Р. Әбеуов