О внесении изменения в постановление акимата Мангистауской области от 21 мая 2018 года № 114 "Об утверждении государственного образовательного заказа на подготовку специалистов с техническим и профессиональным, послесредним образованием на 2018 – 2019 учебный год"

Постановление акимата Мангистауской области от 31 июля 2019 года № 170. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области 2 августа 2019 года № 3964

      В соответствии Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" акимат Мангистауской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Мангистауской области от 21 мая 2018 года № 114 "Об утверждении государственного образовательного заказа на подготовку специалистов с техническим и профессиональным, послесредним образованием на 2018 – 2019 учебный год" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3623, опубликовано в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан от 8 июня 2018 года) следующее изменение:

      преамбулу указанного постановления изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", с подпунктом 8-3) пункта 2 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 27 июля 2007 года "Об образовании" акимат Мангистауской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:".

      2. Государственному учреждению "Управление образования Мангистауской области" обеспечить государственную регистрацию настоящего постановления в органах юстиции, его официальное опубликование в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан и средствах массовой информации, размещение на интернет – ресурсе акимата Мангистауской области.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Мангистауской области Жумашева К.

      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Мангистауской области С. Трумов

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 21 мамырдағы № 114 "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлаудың 2018-2019 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 170 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 2 тамызда № 3964 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 21 мамырдағы № 114 "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлаудың 2018-2019 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3623 болып тіркелген, 2018 жылы 8 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының преамбуласы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабының 2 тармағының 8-3) тармақшасына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".

      2. "Маңғыстау облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қ. Жұмашевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі С. Трұмов