О внесении изменений и дополнений в решение Мангистауского районного маслихата от 21 октября 2016 года № 5/52 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Мангистауском районе"

Решение Мангистауского районного маслихата Мангистауской области от 6 ноября 2019 года № 32/357. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области 11 ноября 2019 года № 4020. Утратило силу решением Мангистауского районного маслихата Мангистауской области от 16 апреля 2024 года № 11/84.

      Сноска. Утратило силу решением Мангистауского районного маслихата Мангистауской области от 16.04.2024 № 11/84 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" и приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 3 июня 2015 года № 445 "Об утверждении Правил назначения и выплаты специального государственного пособия" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11745), Мангистауский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Мангистауского районного маслихата от 21 октября 2016 года № 5/52 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Мангистауском районе" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3176, опубликовано 16 ноября 2016 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующие изменения и дополнение:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Мангистауском районе:

      подпункт 8) пункта 3 изложить в новой редакции:

      "8) уполномоченный орган осуществляющий назначение и выплату социальной помощи – государственное учреждение "Мангистауский районный отдел занятости, социальных программ и регистрации актов гражданского состояния" (далее – уполномоченный орган);";

      в пункт 26 внесены изменения на государственном языке, текст на русском языке не изменяется;

      дополнить пунктом 26-1:

      "26-1. Единовременная социальная помощь в размере 100 (сто) тысяч тенге предоставляется только многодетным семьям, имеющих четырех и более совместно проживающих несовершеннолетних детей, в том числе детей, обучающихся по очной форме обучения в организациях среднего, технического и профессионального, послесреднего, высшего и (или) послевузовского образования, после достижения ими совершеннолетия до времени окончания организаций образования (но не более чем до достижения двадцатитрехлетнего возраста) получающих государственную адресную социальную помощь в связи с ростом цен на продукты питания, по списку утверждаемому уполномоченным органом.".

      2. Государственному учреждению "Аппарат Мангистауского районного маслихата" (руководитель аппарата Е. Калиев) обеспечить государственную регистрацию настоящего решения в органах юстиции, его официальное опубликование в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан и средствах массовой информации.

      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на заместителя акима района Е. Махмутова.

      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии С.Заханов
      Секретарь Мангистауского районного маслихата А. Сарбалаев

Маңғыстау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/52 "Маңғыстау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 2019 жылғы 6 қарашадағы № 32/357 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 11 қарашада № 4020 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 16 сәуірде 2024 жылғы № 11/84 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 16.04.2024 № 11/84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 445 "Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11745 болып тіркелген) сәйкес, Маңғыстау аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. "Маңғыстау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Маңғыстау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/52 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3176 болып тіркелген, 2016 жылғы 16 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      Маңғыстау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:

      3 тармақтың 8) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "8) әлеуметтік көмек тағайындау және төлеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган – "Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган);";

      26 тармақ жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "26. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру "Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасы бойынша, ағымдағы қаржы жылына Маңғыстау аудандық бюджетімен қарастырылған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу әлеуметтік көмек беруге уәкілетті органдар арқылы, әлеуметтік көмекті тағайындауға уәкілетті ұйымдармен жүзеге асырылады.";

      26-1 тармақшамен толықтырылсын:

      "26-1. Уәкілетті органның бекіткен тізімі бойынша азық-түлік бағасының қымбаттауына байланысты бір жолғы 100 (жүз) мың теңге мөлшерінде көрсетілетін әлеуметтік көмек тек мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын, бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және оданда көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға беріледі.".

      2. "Маңғыстау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Е. Қалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е. Махмутовқа жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы С.Заханов
      Маңғыстау аудандық Мәслихатының хатшысы А. Сарбалаев