О внесении изменений в решение маслихата от 16 мая 2016 года № 22 "Об утверждении Правил о дополнительном регламентировании проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций"

Решение маслихата Наурзумского района Костанайской области от 14 ноября 2019 года № 317. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 10 декабря 2019 года № 8816. Утратило силу решением маслихата Наурзумского района Костанайской области от 7 августа 2020 года № 376

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Наурзумского района Костанайской области от 07.08.2020 № 376 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 10 Закона Республики Казахстан от 17 маpта 1995 года "О поpядке оpганизации и пpоведения миpных собpаний, митингов, шествий, пикетов и демонстpаций в Республике Казахстан", статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Наурзумский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата "Об утверждении Правил о дополнительном регламентировании проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций" от 16 мая 2016 года № 22 (опубликовано 26 мая 2016 года в информационно-правовой системе "Әділет", зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6384) следующие изменения:

      в Правилах о дополнительном регламентировании проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций, утвержденных указанным решением:

      пункт 16 изложить в новой редакции:

      "16. Собрания, митинги, шествия, пикеты и демонстрации прекращаются по требованию представителя акимата Наурзумского района в случаях когда:

      1) не было подано заявление;

      2) нарушен порядок их проведения, предусмотренный статьями 7, 8 Закона Республики Казахстан от 17 марта 1995 года "О порядке организации и проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Республике Казахстан".";

      приложение 2 к Правилам о дополнительном регламентировании проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель районного маслихата внеочередной сессии М. Ермагамбетова
      Секретарь Наурзумского районного маслихата Г. Абенова

  Приложение
к решению маслихата
от 14 ноября 2019 года
№ 317


  Приложение 2
к Правилам о дополнительном
регламентировании проведения
собраний, митингов, шествий,
пикетов и демонстраций

Маршруты проведения шествий и демонстраций

Наименование населенного пункта

Маршруты проведения шествий и демонстраций

1.

село Караменды

по улице Кабанбай батыра до пересечения с улицей Шакшак Жанибека. Далее по направлению к центральной площади по улице Шакшак Жанибека

2.

село Караменды

с улицы Шакшак Жанибека до пересечения Кабанбай батыра, по направлению к Парку Независимости


Мәслихаттың 2016 жылғы 16 мамырдағы № 22 "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысы Науырзым ауданы мәслихатының 2019 жылғы 14 қарашадағы № 317 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 10 желтоқсанда № 8816 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы мәслихатының 2020 жылғы 7 тамыздағы № 376 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы мәслихатының 07.08.2020 № 376 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" 1995 жылғы 17 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Науырзым аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 16 мамырдағы № 22 шешіміне (2016 жылғы 26 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6384 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларында:

      16-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "16. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар егер:

      1) өтiнiш берiлмеген;

      2) оларды өткiзу кезінде "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" 1995 жылғы 17 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 7, 8-баптарында көзделген оларды өткізу тәртiбі бұзылған жағдайларда Науырзым ауданының әкімдігі өкілінің талабы бойынша тоқтатылады.";

      жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларының 2-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының төрайымы М. Ермағамбетова
      Науырзым аудандық мәслихатының хатшысы Г. Әбенова

  Мәслихаттың
2019 жылғы 14 қарашадағы
№ 317 шешіміне
қосымша
  Жиналыстар, митингілер,
шерулер, пикеттер және
демонстрациялар өткізуді
қосымша реттеу туралы
қағидаларына
2-қосымша

Шерулер мен демонстрацияларды өткізу маршруттары

Елді мекен атауы

Шерулер мен демонстрацияларды өткізу маршруттары

1.

Қарамеңді ауылы

Қабанбай батыр көшесінің бойымен Шақшақ Жәнібек көшесінің қиылысына дейін. Бұдан әрі Шақшақ Жәнібек көшесі бойымен орталық алаңға қарай

2.

Қарамеңді ауылы

Шақшақ Жәнібек көшесінен Тәуелсіздік саябағына қарай Қабанбай батыр көшесінің қиылысына дейін