О внесении изменения в решение Акжарского районного маслихата от 25 декабря 2018 года № 35-5 "О предоставлении в 2019 году подъемного пособия и социальной поддержки для приобретения или строительства жилья специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Акжарского района"

Решение Акжарского районного маслихата Северо-Казахстанской области от 12 сентября 2019 года № 44-1. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 17 сентября 2019 года № 5565.

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении Республики Казахстан", пунктом 8 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", статьей 26 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах", Акжарский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Акжарского районного маслихата "О предоставлении в 2019 году подъемного пособия и социальной поддержки для приобретения или строительства жилья специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Акжарского района" от 25 декабря 2018 года № 35-5 (опубликовано 10 января 2019 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде, зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 5114) следующее изменение:

      подпункт 1) пункта 1 указанного решения изложить в новой редакции:

      "1) подъемное пособие в сумме, равной стократному месячному расчетному показателю;".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяется на правоотношения, возникшие с 25 июня 2019 года.

      Председатель сессии
Акжарского районного
маслихата
Северо-Казахстанской области
Б.Закенов
      Секретарь Акжарского
районного маслихата
Северо-Казахстанской области
А.Хоршат

Ақжар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 35-5 "2019 жылы Ақжар ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2019 жылғы 12 қыркүйектегі № 44-1 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 17 қыркүйекте № 5565 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабы 8-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына сәйкес Ақжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақжар аудандық мәслихатының "2019 жылы Ақжар ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы" 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 35-5 шешіміне (2019 жылғы 10 қаңтарында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5114 тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-тармағының 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2019 жылғы 25 маусымнан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Солтүстік Қазақстан облысының
Ақжар аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
Б.Закенов
      Солтүстік Қазақстан облысының
Ақжар аудандық
мәслихаттың хатшысы
А.Хоршат