Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации

Постановление акимата Тимирязевского района Северо-Казахстанской области от 18 апреля 2019 года № 71. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 19 апреля 2019 года № 5360. Утратило силу постановлением акимата Тимирязевского района Северо-Казахстанской области от 20 ноября 2019 года № 209

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Тимирязевского района Северо-Казахстанской области от 20.11.2019 № 209 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 27 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах", подпунктом 7) статьи 9 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения", Правилами квотирования рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы и Правилами квотирования рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, утвержденными Приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 26 мая 2016 года № 412 "Об утверждении Правил квотирования рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 13898), акимат Тимирязевского района Северо-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить квоту рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Коммунальному государственному учреждению "Аппарат акима Тимирязевского района Северо-Казахстанской области" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в Департаменте юстиции Северо-Казахстанской области;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего постановления направление его копии в бумажном и электронном виде на государственном и русском языках в Северо-Казахстанский областной филиал Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Тимирязевского района после его официального опубликования.

      3. Признать утратившим силу постановление акимата Тимирязевского района Северо-Казахстанской области от 12 июня 2018 года № 105 "Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 4783, опубликовано 29 июня 2018 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде).

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Тимирязевского района Северо-Казахстанской области.

      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Тимирязевского района
Северо-Казахстанской области
Н. Кенесов

  Приложение к постановлению акимата Тимирязевского района Северо-Казахстанской области от "__" ________2019 года № __

Квота рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации

Наименования организаций

Количество рабочих мест

Процент квоты

Количество рабочих мест согласно установленной квоте (человек)

1

Крестьянское хозяйство "Уак и К"

5

10%

1


Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 71 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 19 сәуірде № 5360 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы əкімдігінің 2019 жылғы 20 қарашадағы № 209 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы əкімдігінің 20.11.2019 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) бекітілген Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына және Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Солтүстік Қазақстан облысы филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Тимирязев ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 12 маусымдағы № 105 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4783 болып тіркелді, 2018 жылғы 29 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Тимирязев ауданының әкімі
Н. Кеңесов

  Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "___" ________ № ___ қаулысына қосымша

Пробация қызметінің есебіне тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Ұйымдардың атаулары

Жұмыс орындарының саны

Квотаның пайызы

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (адам)

1

"Уак и К" шаруа қожалығы

5

10%

1