Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации

Постановление акимата Тимирязевского района Северо-Казахстанской области от 20 ноября 2019 года № 209. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 22 ноября 2019 года № 5667. Утратило силу постановлением акимата Тимирязевского района Северо-Казахстанской области от 4 февраля 2021 года № 27

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Тимирязевского района Северо-Казахстанской области от 04.02.2021 № 27 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 27 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах", подпунктом 7) статьи 9 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения", Правилами квотирования рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, утвержденными Приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 26 мая 2016 года № 412 "Об утверждении Правил квотирования рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 13898), акимат Тимирязевского района Северо-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить квоту рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Коммунальному государственному учреждению "Аппарат акима Тимирязевского района Северо-Казахстанской области" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в Департаменте юстиции Северо-Казахстанской области;

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Тимирязевского района после его официального опубликования.

      3. Признать утратившим силу постановление акимата Тимирязевского района Северо-Казахстанской области "Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации" от 18 апреля 2019 года № 71 (опубликовано 25 апреля 2019 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде, зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 5360).

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Тимирязевского района Северо-Казахстанской области.

      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Н. Кенесов

  Приложение к постановлению акимата Тимирязевского района Северо-Казахстанской области от "__" ________2019 года № __

Квота рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации

Наименования организаций

Количество рабочих мест

Процент квоты

Количество рабочих мест согласно установленной квоте (человек)

Фермерское хозяйство "Бауржан и К"

2

50%

1


Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 20 қарашадағы № 209 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 22 қарашада № 5667 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 4 ақпандағы № 27 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 04.02.2021 № 27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) бекітілген Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Тимирязев ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2019 жылғы 18 сәуідегі № 71 (2019 жылғы 25 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5360 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Н. Кенесов

  Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "___" ________ № ___ қаулысына қосымша

Пробация қызметінің есебіне тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Ұйымдардың атаулары

Жұмыс орындарының саны

Квотаның пайызы

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (адам)

"Бауржан и К" фермер қожалығы

2

50%

1