О внесении изменения и дополнений в решение Кызылкогинского районного маслихата от 18 ноября 2015 года № XXXV-3 "Об утверждении правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Кызылкогинском районе"

Решение маслихата Кызылкогинского района Атырауской области от 28 июня 2019 года № XXXVII-4. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 10 июля 2019 года № 4443. Утратило силу решением Кызылкогинского районного маслихата Атырауской области от 18 марта 2024 года № 15-3

      Сноска. Утратило силу решением Кызылкогинского районного маслихата Атырауской области от 18.03.2024 № 15-3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 26 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи", Кызылкогинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Кызылкогинского районного маслихата от 18 ноября 2015 года № XXXV-3 "Об утверждении правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Кызылкогинском районе" (зарегистрированное в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3385, опубликованное 31 декабря 2015 года в газете "Қызылқоға") следующие изменение и дополнения:

      в Правилах оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Кызылкогинском районе, утвержденных указанным решением:

      пункт 1 дополнить подпунктом 5) следующего содержания:

      "5) некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация) – юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан, для оказания государственных услуг в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", а также обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме.";

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Для назначения жилищной помощи семья (гражданин) (либо его представитель по нотариально заверенной доверенности) обращается в отдел Кызылкогинского района по обслуживанию населения филиала некоммерческого акционерного общества "Государственная корпорация "Правительство для граждан" по Атырауской области и/или посредством веб-портала "электронного правительства" согласно пункта 3 Стандарта.";

      дополнить пунктом 7-1 следующего содержания:

      "7-1. Семья (гражданин) (либо его представитель по нотариально заверенной доверенности) вправе обратиться в отдел Кызылкогинского района по обслуживанию населения филиала некоммерческого акционерного общества "Государственная корпорация "Правительство для граждан" по Атырауской области или на веб-портал "электронного правительства" за назначением жилищной помощи один раз в квартал.".

      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Кызылкогинского районного маслихата по социальным вопросам, гендерной политики, по связям с неправительственными организациями (А. Есенжанов).

      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции, вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Г. Каримова
      Секретарь маслихата Т. Бейскали

Қызылқоға аудандық мәслихатының 2015 жылғы 18 қарашадағы № ХХХV-3 "Қызылқоға ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Атырау облысы Қызылқоға ауданы мәслихатының 2019 жылғы 28 маусымдағы № XXXVII-4 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 10 шілдеде № 4443 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға аудандық мәслихатының 2024 жылғы 18 наурыздағы № 15-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға аудандық мәслихатының 18.03.2024 № 15-3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына және "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы қаулысына сәйкес, Қызылқоға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қызылқоға аудандық мәслихатының 2015 жылғы 18 қарашадағы № ХХХV-3 "Қызылқоға ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3385 болып тіркелген, 2015 жылғы 31 желтоқсанда "Қызылқоға" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Қызылқоға ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасының:

      1-тармағы келесі мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған заңды тұлға.";

      4-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "4. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Стандарттың 3 тармағына сәйкес, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету бойынша Қызылқоға ауданының бөліміне және/немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүгінеді.";

      келесі мазмұндағы 7-1- тармақпен толықтырылсын:

      "7-1. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету бойынша Қызылқоға ауданының бөліміне немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.".

      2. Осы шешімнің орындалуын Қызылқоға аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер, гендерлік саясат, үкіметтік емес ұйымдармен байланыс жөніндегі тұрақты комиссиясына (А.Есенжанов) жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Г. Каримова
      Мәслихат хатшысы Т. Бейсқали