О внесении изменений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 11 марта 2016 года № 55 "Об утверждении классификации видов работ, выполняемых при содержании, текущем, среднем и капитальном ремонтах улиц населенных пунктов Южно-Казахстанской области"

Постановление акимата Туркестанской области от 12 августа 2019 года № 171. Зарегистрировано Департаментом юстиции Туркестанской области 14 августа 2019 года № 5164

      В соответствии с пунктом 2 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 6-8) пункта 1-1 статьи 13 Закона Республики Казахстан от 17 июля 2001 года "Об автомобильных дорогах", акимат Туркестанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 11 марта 2016 года № 55 "Об утверждении классификации видов работ, выполняемых при содержании, текущем, среднем и капитальном ремонтах улиц населенных пунктов Южно-Казахстанской области" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3711, опубликовано 27 апреля 2016 года в газете "Южный Казахстан" и 28 апреля 2016 года в эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде) следующие изменения:

      в заголовке, пункте 1 указанного постановления слова "Южно-Казахстанской" заменить словом "Туркестанской";

      заголовок приложения указанного постановления изложить в следующей редакции:

      "Классификация видов работ, выполняемых при содержании, текущем, среднем и капитальном ремонтах улиц населенных пунктов Туркестанской области";

      в приложении:

      в разделе 4 "Средний ремонт улиц и сооружений на них":

      в пункте 29:

      абзац второй изложить в следующей редакции:

      "Объемы работ по среднему ремонту определяются сметным расчетом, составляемым на основании ведомостей дефектов";

      в пункте 30:

      абзац шестнадцатый подпункта 2) изложить в следующей редакции:

      "перевод щебеночного и гравийного покрытия на асфальтобетонное покрытие без изменения технической категории дороги, протяженностью не более 5 километров;".

      2. Государственному учреждению "Аппарат акима Туркестанской области" в порядке, установленном законодательными актами Республики Казахстан, обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления территориальном органе юстиции;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего решения направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего постановления на интернет - ресурсе акимата Туркестанской области после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на первого заместителя акима области Айтмухаметова К.К.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким области У. Шукеев
      Айтмухаметов К.К.
      Отарбаев М.Н.
      Тургумбеков А.Е.
      Садыр Е.А
      Аманбаев Ж.Е.
      Тасыбаев А.Б
      Мырзалиев М.И.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 11 наурыздағы № 55 "Оңтүстік Қазақстан облысы елді мекендерінің көшелерін күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 12 тамыздағы № 171 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2019 жылғы 14 тамызда № 5164 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 13-бабының 1-1 тармағының 6-8)-тармақшасына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 11 наурыздағы № 55 "Оңтүстік Қазақстан облысы елді мекендерінің көшелерін күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3711 болып тіркелген, 2016 жылы 27 сәуірдегі "Оңтүстік Қазақстан" газетінде және 2018 жылы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысына мынандай өзгерістер енгізілсін:

      қаулының атауындағы, 1 тармағындағы "Оңтүстік Қазақстан" деген сөздер "Түркістан" деген сөзімен ауыстырылсын;

      көрсетілген қаулыға қосымшасының атауы келесі редакцияда жазылсын:

      "Түркістан облысы елді мекендерінің көшелерін күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеулер кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасы";

      қосымшасындағы:

      "Елді мекендерінің көшелері мен ондағы құрылыстарды орташа жөндеу" деген 4-тарауда:"

      29 тармақтың:

      екінші азат жолы келесі редакцияда жазылсын:

      "Орташа жөндеу бойынша жұмыстар көлемдерін ақаулықтар тізбесінің негізінде жасалған сметалық есептер анықтайды";

      30 тармақтың:

      2) - тармақшасындағы он алтыншы азат жолы келесі редакцияда жазылсын:

      "жолдың техникалық санатын өзгертпей, ұзақтығы 5 километрден аспайтын ұсақтасты және қиыршықтасты жабынды асфальт-бетонды жабынға ауыстыру;".

      2. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары К.Қ.Айтмұхаметовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Ө. Шөкеев
      К.Қ. Айтмұхаметов
      М.Н. Отарбаев
      Ә.Е. Тұрғымбеков
      Е.Ә. Садыр
      Ж.Е. Аманбаев
      А.Б. Тасыбаев
      М.И. Мырзалиев