Об определении видов и порядка поощрений, а также размер денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка

Постановление акимата Сарыагашского района Туркестанской области от 21 января 2019 года № 27. Зарегистрировано Департаментом юстиции Туркестанской области 11 февраля 2019 года № 4903

      В соответствии с пунктом 2 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 3) пункта 2 статьи 3 Закона Республики Казахстан от 9 июля 2004 года "Об участии граждан в обеспечении общественного порядка" акимат Сарыагашского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Определить виды и правила поощрений граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Сарыагашском районе, согласно приложению 1 к настоящему постановлению.

      2. Определить размеры поощрений граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Сарыагашском районе, согласно приложению 2 к настоящему постановлению.

      3. Государственному учреждению "Аппарат акима Сарыагашского района" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в территориальном органе юстиции;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего постановления направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего постановления направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания, распространяемых на территории Сарыагашского района;

      4) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Сарыагашского района после его официального опубликования.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района С. Таскулова.

      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Акима района К. Абдуалиев

      "СОГЛАСОВАНО"

      Начальник государственного

      учреждения "Отдел полиции

      Сарыагашского района

      департамента полиции

      Туркестанской области"

      ______________ Е. Нуралиев

      "15" январь 2019 год

  Приложение 1
к постановлению акимата
Сарыагашского района
от 21 января 2019 года
№ 27

Виды и правила поощрений граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Сарыагашском районе

      1. Настоящий порядок поощрений граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка определяет виды и правила поощрения граждан, участвующих в охране общественного порядка в Сарыагашском районе.

      2. Привлечение граждан к мероприятиям по обеспечению общественного порядка осуществляется согласно Правилам привлечения граждан к мероприятиям по обеспечению общественного порядка их форм и видов, не связанным с контрольными и надзорными функциями утвержденный приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан от 27 ноября 2004 года № 641 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3326).

      3. Вопросы поощрения граждан, участвующих в охране общественного порядка рассматриваются районной комиссией по поощрению граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка (далее – Комиссия) создающиеся акиматом района.

      4. Представление о поощрении граждан, принимающих активное участие в охране общественного порядка, вносится на рассмотрение Комиссии государственным учреждением "Отдел полиции Сарыагашского района департамента полиции Туркестанской области" (далее – отдел полиции).

      5. Основанием для поощрения является решение, принимаемое Комиссией.

      6. Вид поощрения, в том числе размер денежного вознаграждения, устанавливается Комиссией с учетом внесенного поощряемым вклада в обеспечение общественного порядка.

      7. Виды поощрении граждан, принимающих активное участие в охране общественного порядка:

      1) почетная грамота Сарыагашского района;

      2) денежное вознаграждение;

      3) ценный подарок.

      8. Для выплаты денежного вознаграждения и приобретения ценного подарка дополнительно издается приказ начальника отдела внутренних дел согласно решению, принятому Комиссией.

      9. Выплата денежного вознаграждения и приобретение ценного подарка производится отделом полиции за счет средств областного бюджета.

      10. Средства на выплату поощрений предусматриваются из областного бюджета, бюджетной программой Департамента полиции Туркестанской области 252 003 "Поощрение граждан, участвующих в охране общественного порядка".

      11. Вручение почетной грамоты Сарыагашского района, денежного вознаграждения, ценного подарка гражданам за вклад в обеспечение общественного порядка осуществляется отделом полиции в торжественной обстановке.

  Приложение 2
к постановлению акимата
Сарыагашского района
от 21 января 2019 года
№ 27

Размеры поощрений граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Сарыагашском районе

      1. Денежное вознаграждение в размере, не превышающем 10 кратного месячного расчетного показателя.

      2. Ценный подарок в стоимости, не превышающий 10 кратного месячного расчетного показателя.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 21 қаңтардағы № 27 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2019 жылғы 11 ақпанда № 4903 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 3 бабының 2 тармағының 3) тармақшасына сәйкес Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Сарыағаш ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Сарыағаш ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарға ақшалай сыйақының мөлшері осы қаулының 2-қосымшасына сәйкесайқындалсын.

      3. "Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Сарыағаш ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Сарыағаш ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Таскуловқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Қ. Абдуалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Түркістан облысы полиция

      департаментінің Сарыағаш аудандық

      полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесінің

      бастығы

      ________________Е. Нуралиев

      "15" қаңтар 2019 жыл

  Сарыағаш ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 21 қаңтардағы
№ 27 қаулысына 1-қосымша

Cарыағаш ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі

      1. Осы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің тәртібі Сарыағаш ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін айқындайды.

      2. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларға азаматтарды тарту Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 27 қарашадағы № 641 бұйрығымен бекітілген Бақылау және қадағалау функцияларына байланысты емес, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларға азаматтарды тарту ережесі, олардың нысандары мен түрлерiне сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3326 тіркелген) жүзеге асырылады.

      3. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн аудан әкімдігі құратын Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөнiндегi аудандық комиссия (бұдан әрi – Комиссия) қарайды.

      4. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге белсендi қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынымды Комиссияға қарауға "Түркістан облысы полиция департаментінің Сарыағаш аудандық полиция бөлімі" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi – полиция бөлімі) енгiзедi.

      5. Комиссия қабылдайтын шешiм көтермелеу үшiн негiз болып табылады.

      6. Көтермелеу түрлерiн, соның iшiнде ақшалай сыйақы мөлшерiн, көтермеленушiнiң қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесiн ескере отыра, Комиссия белгiлейдi.

      7. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:

      1) Сарыағаш ауданының Құрмет грамотасы;

      2) ақшалай сыйақы;

      3) құнды сыйлық.

      8. Ақшалай сыйақыны төлеу және құнды сыйлықты алу үшiн Комиссия қабылдайтын шешiмге сәйкес, қосымша полиция бөлімі бастығының бұйрығы шығарылады.

      9. Полиция бөлімі ақшалай сыйақыны төлеудi және бағалы сыйлықты алуды облыстық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзедi.

      10. Көтермелеулердi төлеуге қаражат облыстық бюджетте, Түркістан облысы полиция департаменті 252 003 "Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу" бюджеттiк бағдарламасымен көзделедi.

      11. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесi үшiн азаматтарға Түркістан облысы Сарыағаш ауданының Құрмет грамотасын, ақшалай сыйақы, бағалы сыйлықтар берудi полиция бөлімі салтанатты жағдайда жүзеге асырады.

  Сарыағаш ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 21 қаңтардағы
№ 27 қаулысына 2-қосымша

Сарыағаш ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарға ақшалай сыйақының мөлшері

      1. 10 есептiк айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшердегi ақшалай сыйақы.

      2. Бағасы 10 есептiк айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын құнды сыйлық.