О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 22 декабря 2014 года № 325 "Об утверждении перечня рыбохозяйственных водоемов и (или) участков местного значения"

Постановление акимата Западно-Казахстанской области от 31 мая 2019 года № 132. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 4 июня 2019 года № 5697

      Руководствуясь Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 9 июля 2004 года "Об охране, воспроизводстве и использовании животного мира" акимат Западно-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 22 декабря 2014 года № 325 "Об утверждении перечня рыбохозяйственных водоемов и (или) участков местного значения" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3781, опубликованное 5 февраля 2015 года в газетах "Орал өңірі" и "Приуралье") следующие изменения и дополнения:

      в перечне рыбохозяйственных водоемов и (или) участков местного значения, утвержденный указанным постановлением:

      строку 80 изложить в следующей редакции:

      "

80.

Озеро Сулуколь

267 га

11 км к западу от села Лубенка

      ".

      дополнить строками 10-1, 17-1, 48-3, 48-4, 78-4 следующего содержания:

      "

10-1.

Озеро Старица Красная

32 га

8 км к северу от села МергенҰво

      ";

      "

17-1.

Пруд Тихоновский

5,7 га

2,5 км к юго-востоку от села Тихоновка

      ";

      "

48-3.

Пруд Фермерский

27 га

7,5 км к северо-западу от села ЗелҰное

48-4.

Пруд Жилое

30 га

2,0 км к юго-востоку от села ОзҰрное

      ";

      "

78-4.

Озеро Старица Колузанова

3,8 га

8,5 км к северу-востоку от села Аксуат

      ".

      2. Государственному учреждению "Управление природных ресурсов и регулирования природопользования Западно-Казахстанской области" (Шауенов Р.С.) обеспечить государственную регистрацию данного постановления в органах юстиции, его официальное опубликование в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан и в средствах массовой информации.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на первого заместителя акима Западно-Казахстанской области Искалиева Г.Н.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 325 "Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 132 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 4 маусымда № 5697 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2004 жылғы 9 шілдедегі "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 325 "Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3781 тіркелген, 2015 жылғы 5 ақпанда "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      аталған қаулымен бекітілген Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесінде:

      80-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

80.

Сұлукөл көлі

267 га

Лубенка ауылынан батысқа қарай 11 км

      ".

      келесідей мазмұндағы 10-1, 17-1, 48-3, 48-4, 78-4 жолдармен толықтырылсын:

      "

10-1.

Красная өзбойы көлі

32 га

Мерген ауылынан солтүстікке қарай 8 км

      ";

      "

17-1.

Тихонов тоғаны

5,7 га

Тихоновка ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 2,5 км

      ";

      "

48-3.

Фермер тоғаны

27 га

Зеленое ауылынан солтүстік-батысқа қарай 7,5 км

48-4.

Жилое тоғаны

30 га

Озерное ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 2,0 км

      ";

      "

78-4.

Колузанов өзбойы көлі

3,8 га

Ақсуат ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 8,5 км

      ".

      2. "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Р.С.Шауенов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғ.Н. Есқалиевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.