О предельных размерах сумм снятия юридическими лицами наличных денег с банковских счетов в течение календарного месяца и категориях юридических лиц, на которые не распространяется требование по снятию наличных денег с банковских счетов

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 21 апреля 2020 года № 50. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 27 апреля 2020 года № 20494. Срок действия приказа - по 31 декабря 2020 года

      Примечание ИЗПИ!
      Срок действия приказа - по 31.12.2020 (п.6 приказа).
      Примечание ИЗПИ
Порядок введения в действие настоящего постановления см. п. 6.

      В соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 21 апреля 2020 года № 308 "О некоторых мерах по стабилизации экономики" Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Определить, что снятие наличных денег юридическими лицами с банковских счетов в течение календарного месяца осуществляется в размерах сумм не более:

      1) 20 000 000 (двадцати миллионов) тенге – в случае, если юридическое лицо является субъектом малого предпринимательства;

      2) 120 000 000 (ста двадцати миллионов) тенге – в случае, если юридическое лицо является субъектом среднего предпринимательства;

      3) 150 000 000 (ста пятидесяти миллионов) тенге – в случае, если юридическое лицо является субъектом крупного предпринимательства.

      2. Определить, что размеры сумм, в пределах которых в течение календарного месяца допускается снятие наличных денег с банковских счетов юридических лиц, установленные пунктом 1 настоящего постановления, не распространяются на следующие категории юридических лиц:

      1) в отношении юридических лиц, являющихся субъектами микропредпринимательства;

      2) в отношении юридических лиц, осуществляющих закуп сельскохозяйственной продовольственной продукции, продукции аквакультуры (рыболовства);

      3) в отношении юридических лиц, являющихся субъектами розничной торговли продуктами питания, напитками, а также фармацевтическими, медицинскими и ортопедическими товарами, с видами экономической деятельности согласно приложению к настоящему постановлению;

      4) в отношении банков второго уровня и Национального оператора почты при снятии ими наличных денег с корреспондентских счетов, открытых в Национальном Банке Республики Казахстан, и юридических лиц, осуществляющих деятельность исключительно через обменные пункты на основании лицензии Национального Банка Республики Казахстан на обменные операции с наличной иностранной валютой.

      3. Департаменту наличного денежного обращения в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) совместно с Юридическим департаментом государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на официальном интернет-ресурсе Национального Банка Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего постановления представление в Юридический департамент сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктом 2) настоящего пункта и пунктом 4 настоящего постановления.

      4. Департаменту информации и коммуникаций – пресс-службе Национального Банка обеспечить в течение двух рабочих дней после государственной регистрации настоящего постановления направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания.

      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан.

      6. Настоящее постановление вводится в действие с 1 июня 2020 года и действует по 31 декабря 2020 года.

      Председатель Национального
Банка Республики Казахстан
Е. Досаев

  Приложение к постановлению
Правления Национального
Банка
Республики Казахстан
от 21 апреля 2020 года № 50

Виды экономической деятельности юридических лиц, являющихся субъектами розничной торговли продуктами питания, напитками, а также фармацевтическими, медицинскими и ортопедическими товарами

Код классификатора видов экономической деятельности

Наименование

47.11

Розничная торговля в неспециализированных магазинах преимущественно продуктами питания, включая напитки, и табачными изделиями

47.21

Розничная торговля фруктами и овощами в специализированных магазинах

47.22

Розничная торговля мясом и мясными продуктами в специализированных магазинах

47.23

Розничная торговля рыбой, ракообразными и моллюсками в специализированных магазинах

47.24

Розничная торговля хлебобулочными, мучными и сахаристыми кондитерскими изделиями в специализированных магазинах

47.29

Прочая розничная торговля продуктами питания в специализированных магазинах

47.73

Розничная торговля фармацевтическими товарами в специализированных магазинах

47.74

Розничная торговля медицинскими и ортопедическими товарами в специализированных магазинах


Заңды тұлғалардың банктік шоттардан күнтізбелік ай ішінде қолма-қол ақшаны алу сомасының шекті мөлшері және банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу жөніндегі талап қолданылмайтын заңды тұлғалардың санаттары туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 50 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 27 сәуірде № 20494 болып тіркелді. Бұйрықтың қолданыста болу мерзімі 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданыста болу мерзімі - 31.12.2020 дейін (бұйрықтың 6-т.).

      "Экономиканы тұрақтандырудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 308 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Заңды тұлғалардың банктік шоттардан күнтізбелік ай ішінде қолма-қол ақшаны алуы:

      1) егер заңды тұлға шағын кәсiпкерлiк субъектiсi болған жағдайда - 20 000 000 (жиырма миллион) теңгеден;

      2) егер заңды тұлға орта кәсiпкерлiк субъектiсi болған жағдайда - 120 000 000 (бір жүз жиырма миллион) теңгеден;

      3) егер заңды тұлға ірі кәсiпкерлiк субъектiсi болған жағдайда - 150 000 000 (бір жүз елу миллион) теңгеден аспайтын сомалар мөлшерінде жүзеге асырылатыны айқындалсын.

      2. Осы қаулының 1-тармағында белгіленген заңды тұлғалардың банктік шоттардан күнтізбелік ай ішінде қолма-қол ақшаны алуға рұқсат етілетін сомалардың мөлшері заңды тұлғалардың мынадай санаттарына:

      1) микрокәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға қатысты;

      2) ауылшаруашылық азық-түлік өнімін, акваөсіру (балық аулау) өнімін сатып алуды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қатысты;

      3) осы қаулыға қосымшаға сәйкес экономикалық қызмет түрлерімен тамақ өнімдерін, сусындарды, сондай-ақ фармацевтикалық, медициналық және ортопедиялық тауарларды бөлшек саудада сату субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға қатысты;

      4) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған корреспонденттiк шоттардан олардың қолма-қол ақшаны алуы кезінде екінші деңгейдегі банктерге және Ұлттық пошта операторына және қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қатысты қолданылмайтыны айқындалсын.

      3. Қолма-қол ақша айналысы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Ақпарат және коммуникациялар департаменті - Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      6. Осы қаулы 2020 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Е. Досаев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2020 жылғы 21 сәуірдегі
№ 50 қаулысына
қосымша

Тамақ өнімдерін, сусындарды, сондай-ақ фармацевтикалық, медициналық және ортопедиялық тауарларды бөлшек саудада сату субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғалардың экономикалық қызмет түрлері

Экономикалық қызмет түрлерінің жіктеуіш коды Атауы

47.11

Мамандандырылмаған дүкендерде көбінесе тамақ өнімдерін, сусындар мен темекі өнімдерін бөлшек саудада сату

47.21

Мамандандырылған дүкендерде жеміс-жидектер мен көкөністерді бөлшек саудада сату

47.22

Мамандандырылған дүкендерде ет және ет өнімдерін бөлшек саудада сату

47.23

Мамандандырылған дүкендерде балық, шаян тәрізділерді және былқылдақ денелілерді бөлшек саудада сату

47.24

Мамандандырылған дүкендерде нан-тоқашты, ұннан жасалған және қантты кондитерлік өнімдерді бөлшек саудада сату

47.29

Мамандырылған дүкендерде тамақ өнімдерін өзге бөлшек саудада сату

47.73

Мамандандырылған дүкендерде фармацевтикалық тауарларды бөлшек саудада сату

47.74

Мамандандырылған дүкендерде медициналық және ортопедиялық тауарларды бөлшек саудада сату