О внесении дополнения в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 30 марта 2020 года № 43 "Об утверждении Правил выдачи согласия на назначение (избрание) руководящих работников финансовых организаций, банковских, страховых холдингов, акционерного общества "Фонд гарантирования страховых выплат", включая критерии отсутствия безупречной деловой репутации, и перечня документов, необходимых для получения согласия"

Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 17 сентября 2020 года № 79. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 19 сентября 2020 года № 21228

      В целях совершенствования нормативных правовых актов Республики Казахстан Правление Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 30 марта 2020 года № 43 "Об утверждении Правил выдачи согласия на назначение (избрание) руководящих работников финансовых организаций, банковских, страховых холдингов, акционерного общества "Фонд гарантирования страховых выплат", включая критерии отсутствия безупречной деловой репутации, и перечня документов, необходимых для получения согласия" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 20248, опубликовано 7 апреля 2020 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан) следующее дополнение:

      Правила выдачи согласия на назначение (избрание) руководящих работников финансовых организаций, банковских, страховых холдингов, акционерного общества "Фонд гарантирования страховых выплат", включая критерии отсутствия безупречной деловой репутации, и перечень документов, необходимых для получения согласия, утвержденные указанным постановлением:

      дополнить пунктом 18-1 следующего содержания:

      "18-1. Требование по согласованию кандидатов с приглашением для прохождения тестирования не распространяется на случаи согласования кандидата на должность руководителя исполнительного органа Национального оператора почты.".

      2. Департаменту рынка ценных бумаг в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) совместно с Юридическим департаментом государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на официальном интернет-ресурсе Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего постановления представление в Юридический департамент сведений об исполнении мероприятия, предусмотренного подпунктом 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка.

      4. Настоящее постановление вводится в действие после дня его официального опубликования.

      Председатель Агентства Республики Казахстан
по регулированию и развитию финансового рынка
М. Абылкасымова

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство цифрового развития,
инноваций и аэрокосмической
промышленности Республики Казахстан

"Мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшарттарын қоса алғанда, қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларын және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 43 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № 79 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 19 қыркүйекте № 21228 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшарттарын қоса алғанда, қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларын және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 43 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20248 болып тіркелген, 2020 жылғы 7 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшарттарын қоса алғанда, қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидалары және келісім алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      мынадай мазмұндағы 18-1-тармақпен толықтырылсын:

      "18-1. Кандидаттарды тестілеуден өту үшін шақырып келісу жөніндегі талап Ұлттық пошта операторының атқарушы органының басшысы лауазымына кандидатты келісу жағдайларына қолданылмайды.".

      2. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі