Об утверждении правил осуществления рекламы медицинских услуг (помощи)

Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 21 сентября 2020 года № ҚР ДСМ-105/2020. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 22 сентября 2020 года № 21236.

      В соответствии с пунктом 1 статьи 56 Кодекса Республики Казахстан от 7 июля 2020 года "О здоровье народа и системе здравоохранения" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые правила осуществления рекламы медицинских услуг (помощи).

      2. Комитету контроля качества и безопасности товаров и услуг Министерства здравоохранения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства здравоохранения Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Юридический департамент Министерства здравоохранения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра здравоохранения Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр здравоохранения
Республики Казахстан
А. Цой

  Утвержден приказом
Министр здравоохранения
Республики Казахстан
от 21 сентября 2020 года
№ ҚР ДСМ-105/2020

Правила осуществления рекламы медицинских услуг (помощи)

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие правила осуществления рекламы медицинских услуг (далее - Правила) разработаны в соответствии с пунктом 1 статьи 56 Кодекса Республики Казахстан от 7 июля 2020 года "О здоровье народа и системе здравоохранения" (далее - Кодекс), и определяют порядок осуществления рекламы медицинских услуг (помощи).

      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) реклама –информация, распространяемая и (или) размещаемая в любой форме с помощью любых средств, предназначенная для неопределенного круга лиц и призванная формировать или поддерживать интерес к физическому или юридическому лицу, товарам, товарным знакам, работам, услугам и способствовать их реализации;

      2) рекламодатель – физическое или юридическое лицо, являющееся источником рекламной информации для производства, распространения и размещения рекламы;

      3) медицинские услуги – действия субъектов здравоохранения, имеющие профилактическую, диагностическую, лечебную, реабилитационную и паллиативную направленность по отношению к конкретному человеку;

Глава 2. Порядок осуществления рекламы медицинских услуг (помощи)

      3. Реклама медицинских услуг (помощи) осуществляется при наличии государственной лицензии на рекламируемый вид медицинской деятельности в средствах массовой информации, электронных информационных ресурсах в организациях здравоохранения, специализированных медицинских изданиях, справочно-информационных центрах, научных конференций, симпозиумах, выставках, предназначенных для специалистов с медицинским образованием, акциях.

      4. Реклама на территории Республики Казахстан (за исключением периодических печатных изданий, интернет-ресурсов, информационных агентств) осуществляется на казахском и русском языках, а также по усмотрению рекламодателя и на других языках без искажения основного смысла рекламы при переводе содержания ее с одного языка на другой.

      5. При рекламе медицинских услуг (помощи), в том числе посредством рекламодателя, указывается номер лицензии и наименование органа, выдавшего лицензию.

      6. Допускается реклама медицинских услуг (помощи) в соответствии с требованиями, предусмотренными пунктом 2 статьи 56 Кодекса.

Медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) жарнамасын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-105/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 22 қыркүйекте № 21236 болып тіркелді.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 56-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) жарнамасын жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрі А. Цой

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 21 қыркүйегі
№ ҚР ДСМ-105/2020
Бұйрықпен бекітілген

Медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) жарнамасын жүзеге асыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) жарнамасын жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің (бұдан әрі – Қағидалар) 56-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) жарнамасын жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) жарнама – кез келген құралдардың көмегiмен кез келген нысанда таратылатын және (немесе) орналастырылатын, белгілі бір адамдар тобына арналмаған және жеке немесе заңды тұлғаға, тауарларға, тауар белгiлерiне, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға арналған және оларды өткiзуге ықпал ететін ақпарат;

      2) жарнама берушi – жарнама жасау, тарату және орналастыру үшiн жарнамалық ақпарат көзi болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;

      3) медициналық көрсетілетін қызмет – денсаулық сақтау субъектілерінің нақты адамға қатысты профилактикалық, диагностикалық, емдік, оңалту және паллиативтік бағыты бар іс-әрекеттері.

2-тарау. Медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) жарнамасын жүзеге асыру тәртібі

      3. Медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) жарнамасы бұқаралық ақпарат құралдарында, денсаулық сақтау ұйымдарындағы электрондық ақпараттық ресурстарда, мамандандырылған медициналық басылымдарда, анықтамалық-ақпараттық орталықтарда, ғылыми конференцияларда, симпозиумдарда, медициналық білімі бар мамандарға арналған көрмелерде, акцияларда медициналық қызметтің жарнамаланатын түріне мемлекеттік лицензия болған кезде жүзеге асырылады.

      4. Қазақстан Республикасының аумағындағы жарнама (мерзімді баспасөз басылымдарын, интернет-ресурстарды, ақпараттық агенттіктерді қоспағанда) қазақ және орыс тілдерінде, сондай-ақ жарнаманың мазмұнын бір тілден екінші тілге аударған кезде оның негізгі мағынасын бұрмаламай жарнама берушінің қалауы бойынша және басқа тілдерде жүзеге асырылады.

      5. Медициналық көрсетілетін қызметтерді (көмекті) оның ішінде жарнама беруші арқылы жарнамалау кезінде лицензия нөмірі мен лицензия берген органның атауы көрсетіледі.

      6. Кодекстің 56-бабының 2-тармағында көзделген талаптарға сәйкес медициналық көрсетілетін қызметтерді (көмекті) жарнамалауға жол беріледі.