О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 8 февраля 2018 года № 143 "Об утверждении Правил маркировки (перемаркировки) алкогольной продукции, за исключением виноматериала, пива и пивного напитка, учетно-контрольными марками и табачных изделий акцизными марками, а также форм, содержания и элементов защиты акцизных и учетно-контрольных марок"

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 ноября 2020 года № 1154. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 2 декабря 2020 года № 21701.

      Примечание ИЗПИ!
Порядок введения в действие настоящего приказа см.
п. 3.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 8 февраля 2018 года № 143 "Об утверждении Правил маркировки (перемаркировки) алкогольной продукции, за исключением виноматериала, пива и пивного напитка, учетно-контрольными марками и табачных изделий акцизными марками, а также форм, содержания и элементов защиты акцизных и учетно-контрольных марок" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 16444, опубликован 12 марта 2018 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан) следующие изменения:

      в Правилах маркировки (перемаркировки) алкогольной продукции, за исключением виноматериала, пива и пивного напитка, учетно-контрольными марками и табачных изделий акцизными марками, утвержденных указанным приказом:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила маркировки (перемаркировки) алкогольной продукции, за исключением виноматериала, пива и пивного напитка, учетно-контрольными марками и табачных изделий акцизными марками разработаны в соответствии с подпунктом 1) пункта 15 статьи 172 Кодекса Республики Казахстан от 25 декабря 2017 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) (далее – Кодекс) и определяют порядок маркировки (перемаркировки) алкогольной продукции, за исключением виноматериала, пива и пивного напитка (далее – алкогольная продукция) учетно-контрольными марками и табачных изделий акцизными марками.";

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. Акцизная марка размещается следующим образом:

      на мягкой пачке сигарет с фильтром текст или рисунок на акцизной марке, закрывающей верхнюю плоскость пачки, ориентирован в том же направлении, что и передняя плоскость пачки, и располагается по центру (на равном расстоянии от правого и левого края, передней и задней стенки);

      на пачке сигарет с фильтром с откидной крышкой акцизная марка располагается на задней плоскости пачки, закрывает угол и переходит на боковую плоскость пачки;

      на пачке сигарет без фильтра акцизная марка располагается на задней плоскости пачки вертикально на равном расстоянии от левого и правого края и пересекает место вскрытия пачки;

      на пачке для папирос текст или рисунок на акцизной марке, закрывающей верхнюю плоскость пачки, располагается по центру (на равном расстоянии от правого и левого края, передней и задней стенки) и ориентирован в том же направлении, что и передняя плоскость пачки;

      на пачке изделий с нагреваемым табаком акцизная марка располагается на задней плоскости пачки, закрывает угол и переходит на боковую плоскость пачки;

      на пачке других табачных изделий акцизная марка располагается по центру задней поверхности пачки (на равном расстоянии от правого и левого края, передней и задней стенки) или располагается на задней плоскости пачки, закрывает угол и переходит на боковую плоскость пачки).

      Упаковка пачки табачных изделий целлофаном (если таковая предусмотрена) производится поверх наклеенной на пачку акцизной марки.

      Акцизная марка на табачные изделия размещается таким образом, чтобы при вскрытии пачки акцизная марка повреждалась.

      При наклеивании акцизных марок на табачные изделия используется клей, не позволяющий снять марку с товара без ее повреждения и повторно использовать акцизную марку. Для наклеивания акцизных марок применяется клей устойчивый к высоким и низким температурам, различным уровням влажности для исключения его высыхания и отслоения от товара.".

      Сноска. Пункт 1 с изменением, внесенным приказом Министра финансов РК от 01.04.2021 № 288 (вводится в действие с 31.03.2021).

      2. Комитету государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке Республики Казахстан обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования, за исключением абзацев пятого, шестого, седьмого, восьмого, девятого, десятого, одиннадцатого, тринадцатого, четырнадцатого и пятнадцатого пункта 1 настоящего приказа, которые вводятся в действие с 1 января 2022 года.

      Сноска. Пункт 3 - в редакции приказа Министра финансов РК от 01.04.2021 № 288 (вводится в действие с 31.03.2021).

      Министр финансов
Республики Казахстан
Е. Жамаубаев

"Шарап материалын, сыраны және сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен және темекі бұйымдарын акциздік маркалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының нысанын, мазмұнын және қорғау элементтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 143 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № 1154 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 2 желтоқсанда № 21701 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Шарап материалын, сыраны және сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен және темекі бұйымдарын акциздік маркалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының нысанын, мазмұнын және қорғау элементтерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу мемлекеттік реестрінде № 16444 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік-құқықтық актілер электрондық түрде эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 12 наурызда жарияланған) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 143 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      осы бұйрықпен бекітілген Шарап материалын, сыраны және сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен және темекі бұйымдарын акциздік маркалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларының:

      1-тармағын келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Шарап материалын, сыраны және сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен және темекі бұйымдарын акциздік маркалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидалары "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Кодекс) 172-бабы 15-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және шарап материалын, сыраны және сыра сусынын (бұдан әрі – алкоголь өнімі) қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен және темекі бұйымдарын акциздік маркалармен таңбалау (қайта таңбалау) тәртібін айқындайды."

      5-тармағын келесі редакцияда жазылсын:

      "5. Акциздік марка мынадай түрде орналастырылады:

      фильтрлі сигареттің жұмсақ қорабындағы қораптың үстіңгі бетін жабатын акциздік маркадағы мәтін немесе сурет қораптың алдыңғы бетінің бағытына бағдарлануы және ортасында (оң және сол шетінен, алдыңғы және артқы қабырғадан бірдей аралықта) орналасуы тиіс;

      фильтрлі сигареттің қайырма қақпақты қорабындағы акциздік марка қораптың артқы бетінде орналасуы, қораптың бұрышын жауып және бүйір бетіне өтуі тиіс;

      фильтрсіз сигарет қорабында акциздік марка қораптың сол және оң жақ шетінен бірдей аралықта қораптың артқы бетінде тігінен орналасуы әрі қорапты ашар жерді басып өтуі тиіс;

      папирос қорабында қораптың үстіңгі бетін жабатын акциздік маркадағы мәтін немесе сурет қораптың алдыңғы бетінің бағытына бағдарлануы және ортасында (оң және сол шетінен, алдыңғы және артқы қабырғалардан бірдей аралықта) орналасуы тиіс;

      қыздырылатын темекісі бар бұйымдар қорабында қораптың артқы бетінде қораптың бұрышын жауып және бүйір бетіне өтіп орналасуы тиіс;

      басқа темекі бұйымдарының қорабында акциздік марка қораптың артқы бетінің ортасында (оң және сол шетінен, алдыңғы және артқы қабырғадан бірдей аралықта) немесе қораптың артқы жазық бетінде орналасады, бұрышты жабады және қораптың бүйір жазықтығына өтеді.

      Темекі бұйымдарының қорабын целлофанмен орау (егер мұндай көзделсе) қорапқа желімделген акциздік марканың үстінен жүргізілуі тиіс.

      Қорапты ашқан кезде темекі бұйымдарына арналған акциздік марка бүлініп қалатындай орналасуы тиіс.

      Темекі бұйымдарына арналған акциздік маркаларды желімдеу кезінде марканы тауардан бүлдірмей алуға және акциздік марканы қайта пайдалануға мүмкіндік бермейтін желім пайдаланылады. Акциздік маркаларды желімдеуге қолданылатын желім оның кебуі мен тауардан ажыратылып қалуын болдырмау үшін жоғары және төмен температураларға, ылғалдың түрлі деңгейлеріне төзімді болуы тиіс.".

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 01.04.2021 № 288 (31.03.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін осы бұйрықтың 1-тармағының бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он үшінші, он төртінші және он бесінші тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 01.04.2021 № 288 (31.03.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев