Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи по городу Степногорску

Решение Степногорского городского маслихата Акмолинской области от 29 октября 2020 года № 6С-58/4. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 3 ноября 2020 года № 8129. Утратило силу решением Степногорского городского маслихата Акмолинской области от 28 июня 2024 года № 8С-13/4

      Сноска. Утратило силу решением Степногорского городского маслихата Акмолинской области от 28.06.2024 № 8С-13/4 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях", постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи", Степногорский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить размер и порядок оказания жилищной помощи по городу Степногорску, согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель сессии
Степногорского городского маслихата
А.Гетманов
      Исполняющий обязанности секретаря
Степногорского городского маслихата
О.Джагпаров

 

      "СОГЛАСОВАНО"

      Акимат города Степногорска

  Приложение
к решению Степногорского
городского маслихата
от 29 октября 2020 года
№ 6С-58/4

Размер и порядок оказания жилищной помощи по городу Степногорску Глава 1. Общие положения

      1. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно зарегистрированным и проживающим в жилище, которое находится на праве собственности как единственное жилище на территории Республики Казахстан, а также нанимателям (поднанимателям) жилища из государственного жилищного фонда и жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, проживающим в городе Степногорске.

      2. Назначение жилищной помощи осуществляется уполномоченным органом – государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ города Степногорска" (далее – уполномоченный орган).

Глава 2. Размер оказания жилищной помощи

      3. Совокупный доход семьи (гражданина) исчисляется уполномоченным органом за квартал, предшествовавший кварталу обращения за назначением жилищной помощи, в порядке, определяемом действующим законодательством.

      4. Доля предельно допустимых расходов на оплату:

      расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума;

      потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций;

      расходов за пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.

      Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, и предельно допустимым уровнем расходов малообеспеченных семей (граждан) на эти цели, в размере 10 (десяти) процентов.

      Сноска. Пункт 4 - в редакции решения Степногорского городского маслихата Акмолинской области от 28.09.2023 № 8С-6/7 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5. За норму площади жилья, обеспечиваемую компенсационными мерами, принимается 18 (восемнадцать) квадратных метров на одного человека. Для одиноко проживающих граждан за норму площади жилья, обеспечиваемую компенсационными мерами, принимается 30 (тридцать) квадратных метров.

      Сноска. Пункт 5 - в редакции решения Степногорского городского маслихата Акмолинской области от 28.09.2023 № 8С-6/7 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      6. Компенсационные нормы на потребление твердого топлива с местным отоплением устанавливается в размере 5 (пяти) тонн на отопительный сезон, на семью (гражданина) в квартал обращения в зависимости от занимаемой площади. Расход топлива на 1 (один) квадратный метр учитывается в размере 49,75 килограммов в месяц. Стоимость угля принимать среднюю цену, сложившуюся за истекший квартал согласно данным органов статистики по Акмолинской области.

      7. Установить норму расхода электрической энергии 75 (семьдесят пять) киловатт на одного человека в месяц.

      8. Компенсация услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, производится в соответствии с Правилами компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года № 512 "О некоторых вопросах компенсации повышения тарифа абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам".

Глава 3. Порядок оказания жилищной помощи

      9. Для назначения жилищной помощи семья (гражданин) (либо его представитель по нотариально заверенной доверенности) обращается в Государственную корпорацию "Правительство для граждан" и/или посредством веб-портала "электронного правительства", согласно Правилам предоставления жилищной помощи, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи".

      10. Назначение жилищной помощи производится на полный текущий квартал, при этом совокупный доход семьи (гражданина) и расходы на коммунальные услуги учитываются за истекший квартал, за исключением семей (граждан), имеющих в частной собственности более одной единицы жилья (квартиры, дома) или сдающих жилые помещения в наем (поднаем).

      11. Расходы по коммунальным услугам берутся по предъявленным поставщиками счетам на оплату коммунальных услуг.

      12. Назначение жилищной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных в бюджете города на соответствующий финансовый год.

Глава 4. Выплата жилищной помощи

      13. Выплата жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) осуществляется уполномоченным органом в следующем порядке:

      компенсация потребления коммунальных услуг производится поставщиком коммунальных услуг;

      компенсация за услуги связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникации, компенсация расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе на капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, компенсация расходов за пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, компенсация затрат за стоимость топлива (угля) зачисляется на личные счета заявителей через банки второго уровня.

Степногорск қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы

Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2020 жылғы 29 қазандағы № 6С-58/4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 3 қарашада № 8129 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 маусымдағы № 8С-13/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 28.06.2024 № 8С-13/4 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Степногорск қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі айқындалсын.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Степногорск қалалық
мәслихат сессиясының төрағасы
А.Гетманов
      Степногорск қалалық мәслихат
хатшысының міндетің атқарушы
О.Джагпаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Степногорск қаласының әкімдігі

  Степногорск қалалық
мәслихатының
2020 жылғы 29 қазандағы
№ 6С-58/4 шешіміне
қосымша

Степногорск қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға) Степногорск қаласында тұратындарға ұсынылады.

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындауды уәкілетті орган – "Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырады.

2-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері

      3. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган қолданыстағы заңнамаларда белгіленген тәртіпте тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға есептейді.

      4. Шекті жол берілетін шығыстар үлесі:

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.

      Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының 10 (он) пайыз мөлшерінде шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 28.09.2023 № 8С-6/7 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      5. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы үшін бір адамға 18 (он сегіз) шаршы метр қабылданады. Жалғыз тұратын азаматтар үшін өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы үшін 30 (отыз) шаршы метр қабылданады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 28.09.2023 № 8С-6/7 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      6. Жергілікті жылу берілетін қатты отынды пайдалануға өтемақылық нормалары алып жатқан көлеміне байланысты жылу беру маусымына отбасына (азаматқа) өтініш берген тоқсанда 5 (бес) тонна мөлшерінде белгіленеді. Отын шығыны айына 1 шаршы метрге 49,75 килограмм мөлшерінде есептеледі. Көмірдің құны Ақмола облысы бойынша статистика органдарының деректеріне сәйкес өткен тоқсанда қалыптасқан орташа бағаны қабылдансын.

      7. Электр энергиясының шығын нормасы бір адамға айына 75 (жетпіс бес) киловатт белгіленсін.

      8. Телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтер өтемақысы "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің ережесіне сәйкес жүргізіледі.

3-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

      9. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына және/немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш береді.

      10. Жеке меншігінде бір бірліктен артық тұрғын үйі (пәтерлер, тұрғын үйлер) бар немесе тұрғын үй-жайларды жалдауға (қосымша жалдауға) беруші отбасыларды (азаматтарды) қоспағанда, тұрғын үй көмегі ағымдағы тоқсанға толық тағайындалады, ал отбасының (азаматтың) өткен тоқсандағы жиынтық табыстары мен коммуналдық қызметтерінің шығындары есепке алынады.

      11. Коммуналдық қызметтер бойынша шығындар жеткізушілердің коммуналдық қызметтер төлемдеріне ұсынған шоттары бойынша алынады.

      12. Тұрғын үй көмегi тағайындау тиiстi қаржы жылына арналған қала бюджетiнде көзделген қаражат шегiнде жүзеге асырылады.

4-тарау. Тұрғын үй көмегін төлеу

      13. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган келесі тәртіппен жүзеге асырады:

      коммуналдық қызметтердің тұтыну өтемақысы коммуналдық қызметтердің жеткізушілеріне жүргізіледі;

      телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға үшін өтемақы, кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға өтемақы, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге өтемақы, отын (көмір) құнының шығыстарына өтемақы өтініш берушілердің жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аударылады.