Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба

Решение акима Буландынского района Акмолинской области от 10 марта 2020 года № 5. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 11 марта 2020 года № 7716. Утратило силу решением акима Буландынского района Акмолинской области от 8 сентября 2020 года № 11.

      Сноска. Утратило силу решением акима Буландынского района Акмолинской области от 08.09.2020 № 11 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 11 апреля 2014 года "О гражданской защите", постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 июля 2014 года № 756 "Об установлении классификации чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера", на основании протокола внеочередного оперативного заседания районной комиссии по предупреждению и ликвидации чрезвычайных ситуаций от 20 февраля 2020 года № 1, аким Буландынского района РЕШИЛ:

      1. Объявить на территории Буландынского района чрезвычайную ситуацию природного характера местного масштаба.

      2. Руководителем ликвидации чрезвычайной ситуации назначить заместителя акима Буландынского района Смагулова О.К. и поручить провести соответствующие мероприятия, вытекающие из данного решения.

      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на заместителя акима Буландынского района Смагулова О.К.

      4. Действие настоящего решения распространяется на правоотношения, возникшие с 20 февраля 2020 года.

      5. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Аким Буландынского района Т.Ерсеитов

Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімінің 2020 жылғы 10 наурыздағы № 5 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 11 наурызда № 7716 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 11 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімінің 08.09.2020 № 11 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссияның кезектен тыс шұғыл отырысының 2020 жылғы 20 ақпандағы № 1 хаттамасының негізінде, Бұланды ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бұланды ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Төтенше жағдайды жоюдың басшысы болып Бұланды ауданы әкімінің орынбасары О.Қ. Смағұлов тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бұланды ауданы әкімінің орынбасары О.Қ.Смағұловқа жүктелсін.

      4. Осы шешімнің әрекеті 2020 жылдың 20 ақпанынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      5. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бұланды ауданының
әкімі
Т.Ерсеитов