О внесении изменения в решение акима района Биржан сал от 29 ноября 2018 года № 8 "Об образовании избирательных участков"

Решение акима района Биржан сал Акмолинской области от 19 ноября 2020 года № 10. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 20 ноября 2020 года № 8162. Утратило силу решением акима района Биржан сал Акмолинской области от 28 апреля 2021 года № 2

      Сноска. Утратило силу решением акима района Биржан сал Акмолинской области от 28.04.2021 № 2 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах", аким района Биржан сал РЕШИЛ:

      1. Внести в решение акима района Биржан сал "Об образовании избирательных участков" от 29 ноября 2018 года № 8 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 6883, опубликовано 11 декабря 2018 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде) следующее изменение:

      в приложении вышеуказанного решения избирательный участок № 251 изложить в новой редакции:

      "Избирательный участок № 251

      Местонахождение: Акмолинская область, район Биржан сал, село Буланды, здание Буландинского лесничества государственного учреждения "Государственный национальный природный парк "Бурабай" Управления делами Президента Республики Казахстан", улица Динмухамеда Кунаева, строение 1.

      Границы: Акмолинская область, район Биржан сал, село Буланды, село Карагай.".

      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на руководителя аппарата акима района Нургалиева Р.Н.

      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Аким района Биржан сал Д.Есжанов

      "СОГЛАСОВАНО"

      Государственное учреждение
"Государственный национальный
природный парк "Бурабай"
Управления делами Президента
Республики Казахстан"
Территориальная избирательная комиссия
района Биржан сал

Біржан сал ауданы әкімінің 2018 жылғы 29 қарашадағы № 8 "Сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Ақмола облысы Біржан сал ауданы әкімінің 2020 жылғы 19 қарашадағы № 10 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 20 қарашада № 8162 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Біржан сал ауданы әкімінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Біржан сал ауданы әкімінің 28.04.2021 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Біржан сал ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Біржан сал ауданы әкімінің "Сайлау учаскелерін құру туралы" 2018 жылғы 29 қарашадағы № 8 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 6883 тіркелген, 2018 жылы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрдегі жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда аталған шешімнің қосымшасындағы № 251 сайлау учаскесі жаңа редакцияда баяндалсын:

      "№ 251 сайлау учаскесі

      Орналасқан орны: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Бұланды ауылы, "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" мемлекеттік мекемесінің Бұланды орманшылығының ғимараты, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 1 құрылыс.

      Шекарасы: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Бұланды ауылы, Қарағай ауылы.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Р.Н. Нұрғалиевке жүктелсін.

      3. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Біржан сал ауданының әкімі Д.Есжанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы
Президенті Іс басқармасының "Бурабай"
мемлекеттік ұлттық табиғи паркі"
мемлекеттік мекемесі
Біржан сал ауданының
аумақтық сайлау комиссиясы