О внесении изменений в некоторые постановления акимата Актюбинской области

Постановление акимата Актюбинской области от 10 июля 2020 года № 268. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 14 июля 2020 года № 7308

      В соответствии со статьей 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", с пунктом 2 статьи 50 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах", акимат Актюбинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемый перечень некоторых постановлений акимата Актюбинской области, в которые вносятся изменения.

      2. Государственному учреждению "Управление природных ресурсов и регулирования природопользования Актюбинской области" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в Департаменте юстиции Актюбинской области;

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Актюбинской области после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Актюбинской области.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Актюбинской области О. Уразалин

  Утвержден постановлением акимата Актюбинской области от 10 июля 2020 года № 268

Перечень некоторых постановлений акимата Актюбинской области, в которые вносятся изменения

      1. В постановлении акимата Актюбинской области от 15 октября 2010 года № 309 "Об установлении водоохранных зон и полос рек Эмба, Сагиз, Темир и их притоков" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3348, опубликованное 23 ноября 2010 года в газетах "Ақтөбе" и "Актюбинский вестник"):

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Установить:

      водоохранные зоны и полосы на реках Эмба, Сагиз, Темир и их притоков на основании утвержденного проекта.";

      2. В постановлении акимата Актюбинской области от 6 марта 2013 года № 60 "Об установлении водоохранных зон и полос водохранилищ Актюбинское, Саздинское, Каргалинское и малых водохранилищ, включая реку Каргалы и основные озера Урало-Каспийского бассейна Актюбинской области" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3551, опубликованное 11 апреля 2013 года в газетах "Ақтөбе" и "Актюбинский вестник"):

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Установить:

      водоохранные зоны и полосы на водохранилищах Актюбинское, Саздинское, Каргалинское и малых водохранилищ, включая реку Каргалы и основные озера Урало-Каспийского бассейна Актюбинской области на основании утвержденного проекта;

      режим хозяйственного использования водоохранных зон и полос водохранилищ Актюбинское, Саздинское, Каргалинское и малых водохранилищ, включая реку Каргалы и основные озера Урало-Каспийского бассейна Актюбинской области согласно приложению к настоящему постановлению.";

      3. В постановлении акимата Актюбинской области от 16 сентября 2013 года № 299 "Об установлении водоохранных зон и полос на реках Орь, Уил, Хобда, их притоков и малых водохранилищ (Ащибекское, Магаджановское, Кызылсу, Аулие, Айталы) Актюбинской области и режима их хозяйственного использования" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3651, опубликованное 17 октября 2013 года в газетах "Ақтөбе" и "Актюбинский вестник"):

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Установить:

      водоохранные зоны и полосы на реках Орь, Уил, Хобда, их притоков и малых водохранилищ (Ащибекское, Магаджановское, Кызылсу, Аулие, Айталы) на основании утвержденного проекта;

      режим хозяйственного использования водоохранных зон и полос на реках Орь, Уил, Хобда, их притоков и малых водохранилищ (Ащибекское, Магаджановское, Кызылсу, Аулие, Айталы) согласно приложению к настоящему постановлению.".

Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2020 жылғы 10 шілдедегі № 268 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 14 шілдеде № 7308 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Ақтөбе облысы әкімдігінің өзгерістер енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі бекітілсін.

      2. "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі О. Уразалин

  Ақтөбе облысы әкімдігінің 2020 жылғы 10 шілдедегі № 268 қаулысымен бекітілген

Ақтөбе облысы әкімдігінің өзгерістер енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2010 жылғы 15 қазандағы № 309 "Ембі, Сағыз, Темір өзендері мен олардың салаларының су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3348 тіркелген, 2010 жылғы 23 қарашада "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) қаулысында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Бекітілген жобаның негізінде Ембі, Сағыз, Темір өзендері мен олардың салаларының су қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленсін.";

      2. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2013 жылғы 6 наурыздағы № 60 "Қарғалы өзенін және Ақтөбе облысы Жайық-Каспий бассейнінің негізгі көлдерін қоса алғанда Ақтөбе, Сазды, Қарғалы су қоймалары және шағын су қоймаларының су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3551 тіркелген, 2013 жылғы 11 сәуірде "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) қаулысында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Бекітілген жобаның негізінде Қарғалы өзенін және Ақтөбе облысы Жайық-Каспий бассейнінің негізгі көлдерін қоса алғанда Ақтөбе, Сазды, Қарғалы су қоймалары және шағын су қоймаларының су қорғау аймақтары мен белдеулері;

      Қарғалы өзенін және Ақтөбе облысы Жайық-Каспий бассейнінің негізгі көлдерін қоса алғанда Ақтөбе, Сазды, Қарғалы су қоймалары және шағын су қоймаларының су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шаруашылық пайдалану режимі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.";

      3. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2013 жылғы 16 қыркүйектегі № 299 "Ақтөбе облысының өзендері Ор, Ойыл, Қобда мен оның салаларына және шағын су қоймаларының (Ащыбек, Мағаджан, Қызылсу, Әулие, Айталы) су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3651 тіркелген, 2013 жылғы 17 қазанда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) қаулысында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Бекітілген жобаның негізінде Ор, Ойыл, Қобда өзендері мен оның салаларының және шағын су қоймаларының (Ащыбек, Мағаджан, Қызылсу, Әулие, Айталы) су қорғау аймақтары мен белдеулері;

      Ор, Ойыл, Қобда өзендері мен оның салаларына және шағын су қоймаларының (Ащыбек, Мағаджан, Қызылсу, Әулие, Айталы) су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шаруашылық пайдалану режимі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.".