О внесении изменений в решение районного маслихата от 27 августа 2018 года № 225 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Айтекебийском районе"

Решение Айтекебийского районного маслихата Актюбинской области от 24 декабря 2020 года № 502. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 5 января 2021 года № 7918. Утратило силу решением Айтекебийского районного маслихата Актюбинской области от 27 марта 2024 года № 181

      Сноска. Утратило силу решением Айтекебийского районного маслихата Актюбинской области от 27.03.2024 № 181 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 50 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах", Айтекебийский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение районного маслихата от 27 августа 2018 года № 225 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Айтекебийском районе" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3-2-162, опубликованное 04 октября 2018 года в эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде) следующие изменения:

      в Размере и порядке оказания жилищной помощи в Айтекебийском районе, определенным вышеуказанным решением:

      пункты 1, 3, 3-1, 3-2, 5, 7 изложить в следующей новой редакции:

      "1. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно зарегистрированным и проживающим в жилище, которое находится на праве собственности как единственное жилище на территории Республики Казахстан, а также нанимателям (поднанимателям) жилища из государственного жилищного фонда и жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, на оплату:

      1) потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций;

      2) расходов за пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.

      Доля предельно допустимых расходов в пределах установленных норм устанавливается в размере 5 (пяти) процентов от совокупного дохода семьи (гражданина).

      3. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам на оплату коммунальных услуг за счет бюджетных средств малообеспеченным семьям (гражданам).

      3-1. Малообеспеченная семья (гражданин) (либо его представитель по нотариально заверенной доверенности) вправе обратиться в "Государственную корпорацию "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация) или на веб–портал "электронного правительства" за назначением жилищной помощи один раз в квартал.

      3-2. Срок рассмотрения документов и принятия решения о предоставлении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе со дня принятия полного комплекта документов от Государственной корпорации либо через веб-портал "электронного правительства" составляет восемь рабочих дней.

      5. Выплата жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) осуществляется уполномоченным органом через банки второго уровня путем перечисления начисленных сумм на лицевые счета получателей жилищной помощи.

      7. Государственная корпорация принимает заявление посредством информационной системы и направляет его в уполномоченный орган, осуществляющий назначение жилищной помощи.

      При повторном обращении малообеспеченная семья (гражданин) (либо его представитель по нотариально заверенной доверенности) представляет только подтверждающие документы о доходах семьи и счета на коммунальные расходы, за исключением случая, предусмотренного пунктом 8 настоящих Правил.".

      2. Государственному учреждению "Аппарат Айтекебийского районного маслихата" в установленном законодательством порядке обеспечить государственную регистрацию настоящего решения в Департаменте юстиции Актюбинской области.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии
Айтекебийского районного маслихата
С. Нуржанов
      Секретарь Айтекебийского
районного маслихата
Е. Тансыкбаев

Аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 225 "Әйтеке би ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 502 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 5 қаңтарда № 7918 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы № 181 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 27.03.2024 № 181 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 225 "Әйтеке би ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-2-162 болып тіркелген, 2018 жылғы 04 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген шешіммен айқындалған Әйтеке би ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерінде және тәртібінде:

      1, 3, 3-1, 3-2, 5, 7 тармақтар келесідей жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      1) коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға;

      2) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.

      Белгіленген нормалар шегіндегі шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 5 (бес) пайызы мөлшерінде белгіленеді.

      3. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу үшін жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      3-1. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб–порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.

      3-2. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкіметтің" веб–порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.

      5. Уәкілетті орган аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеу есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырылады.

      7. Мемлекеттік корпорация өтінішті ақпараттық жүйе арқылы қабылдайды және оны тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға жібереді.

      Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) қайта өтініш берген кезде осы Ереженің 8-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, отбасының табыстарын растайтын құжаттарды және коммуналдық шығыстардың шоттарын ғана ұсынады.".

      2. "Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әйтеке би аудандық
мәслихатының сессия төрағасы
С. Нуржанов
      Әйтеке би аудандық
мәслихатының хатшысы
Е. Тансыкбаев