О признании утратившим силу постановление акимата Каргалинского района от 26 декабря 2018 года № 380 "Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы по Каргалинскому району"

Постановление акимата Каргалинского района Актюбинской области от 13 марта 2020 года № 49. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 16 марта 2020 года № 6873

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 27 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах", акимат Каргалинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Признать утратившим силу постановление акимата Каргалинского района от 26 декабря 2018 года № 380 "Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы по Каргалинскому району" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан № 3-6-184, опубликованное 10 января 2019 года в эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде).

      2. Государственному учреждению "Каргалинский районный отдел занятости и социальных программ" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в Департаменте юстиции Актюбинской области;

      2) размещение настоящего постановления на интернет–ресурсе акимата Каргалинского района после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Каргалинского района.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Каргалинского района
      А. Джусибалиев

Қарғалы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 380 "Қарғалы ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 13 наурыздағы № 49 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 16 наурызда № 6873 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Қарғалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарғалы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 380 "Қарғалы ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-6-184 тіркелген, 2019 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Қарғалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Қарғалы ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарғалы ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарғалы ауданының әкімі
      А. Джусибалиев