О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Енбекского сельского округа от 20 августа 2019 года № 47 "Об установлении ограничительных мероприятий на территории села Басшили Енбекского сельского округа Мугалжарского района"

Решение акима Енбекского сельского округа Мугалжарского района Актюбинской области от 25 июня 2020 года № 18. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 26 июня 2020 года № 7222

      В соответствии со статьей 35 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 10-1 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии" и на основании представления руководителя Мугалжарской районной территориальной инспекции Комитета ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 23 июня 2020 года № 02-13-4/116, аким Енбекского сельского округа Мугалжарского района РЕШИЛ:

      1. Снять ограничительные мероприятия, установленные на территории села Басшили Енбекского сельского округа Мугалжарского района, в связи с проведением комплекса ветеринарных мероприятий по ликвидации заболевания бруцеллез среди крупного рогатого скота.

      2. Признать утратившим силу решение акима Енбекского сельского округа от 20 августа 2019 года № 47 "Об установлении ограничительных мероприятий на территории села Басшили Енбекского сельского округа Мугалжарского района" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6371, опубликованное 28 августа 2019 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде).

      3. Государственному учреждению "Аппарат акима Енбекского сельского округа Мугалжарского района" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в Департаменте юстиции Актюбинской области;

      2) обеспечить размещение настоящего решения на интернет - ресурсе акимата Мугалжарского района после его официального опубликования.

      4. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      5. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким Енбекского сельского округа
Мугалжарского района
А. Каюпов

Шектеу іс-шараларын алу және Еңбек ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 20 тамыздағы № 47 "Мұғалжар ауданы Еңбек ауылдық округі Басшилі ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Еңбек ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 25 маусымдағы № 18 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 26 маусымда № 7222 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мұғалжар аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2020 жылғы 23 маусымдағы № 02-13-4/116 ұсынысы негізінде, Мұғалжар ауданы Еңбек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мұғалжар ауданы Еңбек ауылдық округінің Басшилі ауылы аумағында мүйізді ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс - шараларының жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс - шаралары алынсын.

      2. Еңбек ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 20 тамыздағы № 47 "Мұғалжар ауданы Еңбек ауылдық округі Басшилі ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6371 болып тіркелген, 2019 жылғы 28 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Мұғалжар ауданының Еңбек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Мұғалжар ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Мұғалжар ауданы Еңбек ауылдық
округінің әкімі
А. Каюпов