О признании утратившим силу решения Хромтауского районного маслихата от 2 марта 2018 года № 200 "Об установлении единых ставок фиксированного налога по Хромтаускому району"

Решение Хромтауского районного маслихата Актюбинской области от 5 марта 2020 года № 432. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 11 марта 2020 года № 6859

      Сноска. Вводится в действие с 01.01.2020 в соответствии с пунктом 3 настоящего решения.

      В соответствии со статьей 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и статьей 27 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах", Хромтауский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Признать утратившим силу решение Хромтауского районного маслихата от 2 марта 2018 года № 200 "Об установлении единых ставок фиксированного налога по Хромтаускому району" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3-12-164, опубликованное 30 марта 2018 года в эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде).

      2. Государственному учреждению "Аппарат Хромтауского районного маслихата" в установленном законодательством порядке обеспечить государственную регистрацию настоящего решения в Департаменте юстиции Актюбинской области.

      3. Настоящее решение вводится в действие с 1 января 2020 года.

      Председатель сессии Хромтауского районного маслихата
      А. Тәңірбергенов
      Секретарь Хромтауского районного маслихата
      Д. Мулдашев

Хромтау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 2 наурыздағы № 200 "Хромтау ауданы бойынша тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 5 наурыздағы № 432 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 11 наурызда № 6859 болып тіркелді

      Ескерту. 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 3 тармағымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 7 бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Хромтау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 2 наурыздағы № 200 "Хромтау ауданы бойынша тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-12-164 тіркелген, 2018 жылғы 30 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. "Хромтау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Хромтау аудандық мәслихаты сессияның төрағасы
      А. Тәңірбергенов
      Хромтау аудандық мәслихатының хатшысы
      Д. Мулдашев