О внесении изменения в постановление акимата Шалкарского района от 22 ноября 2017 года № 235 "Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Шалкарском районе"

Постановление акимата Шалкарского района Актюбинской области от 5 октября 2020 года № 222. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 7 октября 2020 года № 7522

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 3) пункта 2 статьи 3 Закона Республики Казахстан от 9 июля 2004 года "Об участии граждан в обеспечении общественного порядка", акимат Шалкарского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Шалкарского района от 22 ноября 2017 года № 235 "Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Шалкарском районе" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 5731, опубликованное 26 декабря 2017 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде) следующее изменение:

      приложение к указанному постановлению изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Государственному учреждению "Аппарат акима Шалкарского района" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в Департаменте юстиции Актюбинской области;

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Шалкарского района после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима района.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Шалкарского района Ж. Жидеханов

  Приложение к постановлению от 5 октября 2020 года № 222 акимата Шалкарского района
  Утверждено постановлением акимата Шалкарского района от 22 ноября 2017 года №235

Виды и порядок поощрений, а также размер денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Шалкарском районе

1. Виды поощрения

      1. Видами поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка являются:

      1) объявление благодарности;

      2) награждение грамотой;

      3) выдача денежной премии.

2. Порядок поощрения

      2. Вопросы поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка, рассматривается комиссией по поощрению граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка (далее-Комиссия), созданной акиматом Шалкарского района.

      3. Предложения по поощрению граждан, принимающих активное участие в охране общественного порядка, обеспечении общественной безопасности, предупреждении и пресечении преступлений, на рассмотрение Комиссии вносит начальник ОП* Шалкарского района.

      4. Основанием для поощрения – является решение принятое Комиссией, а для выплаты поощрения – приказ начальника ДП* Актюбинской области вынесенный в соответствии с принятым решением Комиссии.

      5. Вид поощрения, в том числе размер денежного вознаграждения, устанавливается Комиссией с учетом внесенного поощряемым вклада в обеспечение общественного порядка.

3. Размер денежного вознаграждения

      6. Размер денежного вознаграждения устанавливается Комиссией и не превышает 10-кратного месячного расчетного показателя.

      7. Выплата денежного вознаграждения производится ОП Шалкарского района, за счет средств областного бюджета.

      8. Средства на выплату поощрений предусматриваются в составе расходов ДП Актюбинской области отдельной программой.

      Примечание: расшифровка аббревиатур:

      * ОП – Отдел полиции

      * ДП –Департамент полиции

Шалқар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 22 қарашадағы № 235 "Шалқар ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 222 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 7 қазанда № 7522 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Заңының 3 бабының 2 тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шалқар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 22 қарашадағы № 235 "Шалқар ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5731 тіркелген, 2017 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысына келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Шалқар аудандық әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны, оны ресми жариялағаннан кейін Шалқар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шалқар ауданының әкімі Ж. Жидеханов

  Шалқар ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 5 қазаны № 222 қаулысына қосымша
  Шалқар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 22 қарашадағы № 235 қаулысымен бекітілген

Шалқар ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі және оларға ақшалай сыйақының мөлшері

1. Көтермелеудің түрлері

      1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:

      1) алғыс жариялау;

      2) грамотамен марапаттау;

      3) ақшалай сыйақы беру болып табылады.

2. Көтермелеудің тәртібі

      2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Шалқар ауданының әкімдігімен құрылған қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия (бұдан әрi – Комиссия) қарайды.

      3. Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге, қоғамдық тәртіпті қорғауға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі ұсыныстарды Комиссияның қарауына Шалқар аудандық ПБ* бастығы енгізеді.

      4. Комиссия қабылдаған шешім - көтермелеу үшін, ал Комиссия қабылдаған шешімге сәйкес шығарылған Ақтөбе облысы ПД* бастығының бұйрығы – көтермелеуге ақы төлеу үшін негіз болып табылады.

      5. Көтермелеу түрiн, соның iшiнде ақшалай сыйақы мөлшерiн, көтермеленушінің қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесiн ескере отыра, Комиссия белгiлейдi.

3. Ақшалай сыйақының мөлшері

      6. Ақшалай сыйақының мөлшерi комиссиямен белгiленеді және 10 есе айлық есептiк көрсеткiштен аспайды.

      7. Ақшалай сыйақы төлеу облыстық бюджет қаражаты есебiнен Шалқар аудандық ПБ жүргiзіледі.

      8. Көтермелеуге ақы төлеуге арналған қаражат Ақтөбе облысы ПД шығыстарының құрамында жеке бағдарламамен көзделедi.

      Ескертпе: қысқарған сөздердің толық жазылуы:

      * ПБ – Полиция бөлімі

      * ПД – Полиция департаменті