Об утверждении схемы пастбищеоборотов по Шалкарскому району на основании геоботанического обследования пастбищ на 2020-2021 годы

Постановление акимата Шалкарского района Актюбинской области от 6 ноября 2020 года № 281. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 9 ноября 2020 года № 7611. Прекращено действие в связи с истечением срока

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 3) пункта 1 статьи 9 Закона Республики Казахстан от 20 февраля 2017 года "О пастбищах", акимат Шалкарского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить схему пастбищеоборотов по Шалкарскому району на основании геоботанического обследования пастбищ на 2020-2021 годы, согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Государственному учреждению "Шалкарский районный отдел земельных отношений" в установленном законодательством порядке обеспечить.

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в Департаменте юстиции Актюбинской области;

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Шалкарского района после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима района.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким Шалкарского района Ж. Жидеханов

  Приложение к постановлению Шалкарского района от 6 ноября 2020 года № 281

Схема пастбищеоборотов по Шалкарскому району на основании геоботанического обследования пастбищ на 2020-2021 годы



2020-2021 жылдарға арналған жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Шалқар ауданы бойынша жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 6 қарашадағы № 281 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 9 қарашада № 7611 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы "Жайылымдар туралы" Заңының 9 бабының 1 тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2020-2021 жылдарға арналған жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Шалқар ауданы бойынша жайылым айналымдарының схемасы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Шалқар аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген тәртіппен.

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Шалқар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шалқар ауданының әкімі Ж. Жидеханов

  Шалқар ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 6 қарашадағы № 281 қаулысына қосымша

2020-2021 жылдарға арналған жайылымдарды геоботаникалық зерттеп - қарау негізінде Шалқар ауданы бойынша жайылым айналымдарының схемасы