О внесении изменений и дополнения в решение маслихата Коксуского района от 5 апреля 2018 года № 29-2 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Коксуского района"

Решение Коксуского районного маслихата Алматинской области от 7 апреля 2020 года № 60-10. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 13 апреля 2020 года № 5462. Утратило силу решением Коксуского районного маслихата области Жетісу от 4 декабря 2023 года № 15-63

      Сноска. Утратило силу решением Коксуского районного маслихата области Жетісу от 04.12.023 № 15-63 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования).


      В соответствии с пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", маслихат Коксуского района РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата Коксуского района "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Коксуского района" от 5 апреля 2018 года № 29-2 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 4660, опубликован 27 апреля 2018 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан) следующие изменения и дополнение:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Коксуского района утвержденных указанным решением:

      подпункты 1) и 4) пункта 6 изложить в следующей редакции:

      "1) 15 февраля – День вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан;";

      "4) 29 августа – День закрытия Семипалатинского испытательного ядерного полигона.";

      подпункты 1) и 5) пункта 7 изложить в следующей редакции:

      "1) участники и инвалиды Великой Отечественной войны – 300 месячных расчетных показателей;";

      "5) граждане имеющие социально-значимые заболевания, без учета доходов семьи – 5 месячных расчетных показателей;";

      пункт 7 дополнить подпунктом 10) следующего содержания:

      "10) семьи, дети которых воспитываются и обучаются в дошкольных организациях образования, у которых среднедушевой доход не превышает семидесяти процентного порога, в кратном отношении к прожиточному минимуму по области – 5 месячных расчетных показателей.";

      подпункт 3) третьего абзаца пункта 7 изложить в следующей редакции:

      "3) наличие среднедушевого дохода, не превышающего порога, в однократном отношении к прожиточному минимуму по области, за исключением подпункта 10) пункта 7 настоящих Правил.";

      подпункт 2) пункта 11 исключить.

      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию маслихата Коксуского района "По законодательству и правопорядку, социальной защите населения, награждению и полномочиям депутатов".

      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии маслихата
      Коксуского района М. Смагулов
      Секретарь маслихата
      Коксуского района А. Досымбеков

Көксу ауданы мәслихатының 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 29-2 "Көксу ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Алматы облысы Көксу аудандық мәслихатының 2020 жылғы 7 сәуірдегі № 60-10 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2020 жылы 13 сәуірде № 5462 болып тіркелді. Күші жойылды - Жетісу облысы Көасу аудандық мәслихатының 2023 жылғы 4 желтоқсандағы № 15-63 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жетісу облысы Көксу аудандық мәслихатының 04.12.2023 № 15-63 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Көксу ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Көксу ауданы мәслихатының "Көксу ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 29-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4660 тіркелген, 2018 жылдың 27 сәуірінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Көксу ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      6-тармақтың 1) және 4) тармақшалары келесі редакцияда баяндалсын:

      "1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні;";

      "4) 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні.";

      7-тармақтың 1) және 5) тармақшалары келесі редакцияда баяндалсын:

      "1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері – 300 айлық есептік көрсеткіш;";

      "5) әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын азаматтарға отбасы табыстарын есепке алмай – 5 айлық есептік көрсеткіш;";

      7-тармақ мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:

      "10) жан басына шаққандағы орташа табысы облыс бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінің жетпіс пайыздық қатынасынан аспайтын, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқытылатын балалары бар отбасылар – 5 айлық есептік көрсеткіш.";

      7-тармақтың үшінші абзацтың 3) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:

      "3) осы Қағидалардың 7-тармағының 10) тармақшаcын есептемегенде, облыс бойынша ең төмен күнкөріс деңгейіне бір еселік қатынас шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы.";

      11-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Көксу ауданы мәслихатының "Заңдылық пен құқықтық тәртіп, тұрғындарды әлеуметтік қорғау, марапаттау және депутаттардың өкілеттігі жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Көксу ауданы мәслихатының
      сессия төрағасы М. Смагулов
      Көксу ауданы мәслихатының
      хатшысы А. Досымбеков