О снятии ограничительных мероприятий на территории города Шымкент

Постановление акимата города Шымкент от 20 июля 2020 года № 446. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Шымкент 21 июля 2020 года № 114

      В соответствии с подпунктом 3) пункта 1-1 статьи 10 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии", Законом Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" и на основании представления территориальной инспекции Комитета ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан по городу Шымкент от 12 июнья 2020 года № 03-12/378, акимат города Шымкент ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Снять следующие установленные ограничительные мероприятия в связи с окончанием работ по очагам бешенства:

      1) город Шымкент, Енбекшинский район, в жилом массиве Елтай, улица Найзатас;

      2) город Шымкент, Каратауский район, в жилом массиве Сайрам, улица Гулистан.

      2. Признать утратившим силу постановление акимата города Шымкент от 13 апреля 2020 года № 226 "Об установлении ограничительных мероприятий на территории города Шымкент" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 99, опубликовано в Эталонном конрольном банке нормативных правовых актов в электронном виде 15 апреля 2020 года).

      3. Государственному учреждению "Управление сельского хозяйства и ветеринарии города Шымкент" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в Департаменте юстиции города Шымкент;

      2) в течении десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего постановления, направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания, распространяемые на территории города Шымкент;

      3) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата города Шымкент после его официального опубликования.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Шымкент Е.Садыр.

      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким города Шымкент М. Айтенов

Шымкент қаласы аумағында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 20 шілдедегі № 446 қаулысы. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2020 жылғы 21 шілдеде № 114 болып тіркелді

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-бабы 1-1 тармағы 3) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясының 2020 жылғы 12 маусымдағы № 03-12/378 ұсынысы негізінде, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Елтай тұрғын үй алабы, Найзатас көшесіне;

      2) Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Сайрам тұрғын үй алабы, Гүлістан көшесіне қойылған шектеу іс-шаралары құтыру ауруының ошақтарында жұмыстар аяқталуына байланысты тоқтатылсын.

      2. "Шымкент қаласы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 226 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 99 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 15 сәуірдегі электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап оның көшірмесін Шымкент қаласы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;

      3) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Е.Садырға жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласының әкімі М. Айтенов