О признании утратившим силу решения IV сессии Карагандинского областного маслихата от 29 сентября 2016 года № 87 "Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения государственного учреждения "Аппарат Карагандинского областного маслихата" и его описания"

Решение Карагандинского областного маслихата от 11 июня 2020 года № 542. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 16 июня 2020 года № 5877

      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" Карагандинский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Признать утратившим силу решение IV сессии Карагандинского областного маслихата от 29 сентября 2016 года № 87 "Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения государственного учреждения "Аппарат Карагандинского областного маслихата" и его описания" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3996, опубликовано 22 октября 2016 года в газетах "Орталық Қазақстан" № 173 (22278) и "Индустриальная Караганда" № 137 (22082), в информационно-правовой системе "Әділет" 26 октября 2016 года, Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде 31 октября 2016 года).

      2. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии С. БРАМОНТОВА
      Секретарь областного маслихата С. Утешов

Қарағанды облыстық мәслихатының 2016 жылғы 29 қыркүйектегі IV сессиясының "Қарағанды облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлікті беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" № 87 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Қарағанды облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 маусымдағы № 542 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 16 маусымда № 5877 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қарағанды облыстық мәслихатының 2016 жылғы 29 қыркүйектегі IV сессиясының "Қарағанды облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлікті беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" № 87 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3996 болып тіркелген, 2016 жылғы 22 қазандағы № 173 (22278) "Орталық Қазақстан" және 2016 жылғы 22 қазандағы № 137 (22082) "Индустриальная Караганда" газеттерінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 26 қазанда, электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 31 қазанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы С. БРАМОНТОВА
      Облыстық мәслихат хатшысы С. Утешов