О признании утратившим силу постановления акимата города Актау от 2 апреля 2015 года № 370 "Об определении видов общественных работ для отбывания наказания в виде привлечения к общественным работам"

Постановление акимата города Актау Мангистауской области от 10 ноября 2020 года № 01-01/237. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области 12 ноября 2020 года № 4343

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах", а также на основании информационного письма республиканского государственного учреждения "Департамент юстиции Мангистауской области Министерства юстиции Республики Казахстан" от 12 марта 2020 года № 05-10-592, акимат города Актау ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Признать утратившим силу постановление акимата города Актау от 2 апреля 2015 года № 370 "Об определении видов общественных работ для отбывания наказания в виде привлечения к общественным работам" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2695, опубликовано в газете "Огни Мангистау" от 5 мая 2015 года).

      2. Государственному учреждению "Аппарат акима города Актау" (руководитель аппарата А. Толегенова) обеспечить государственную регистрацию настоящего постановления в органах юстиции, его официальное опубликование в средствах массовой информации и размещение на интернет-ресурсе.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Актау С. Гусмана.

      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города Актау Н. Қилыбай

Ақтау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 370 "Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеу үшін қоғамдық жұмыстардың түрлерін белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 10 қарашадағы № 01-01/237 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 12 қарашада № 4343 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, сонымен қатар "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 12 наурыздағы № 05-10-592 ақпараттық хатының негізінде, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 370 "Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеу үшін қоғамдық жұмыстардың түрлерін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2695 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 мамырда "Маңғыстау" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Ақтау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы А.Толегенова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және интернет-ресурста орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтау қаласы әкімінің орынбасары С. Гусманға жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтау қаласының әкімі Н. Қилыбай