О внесении изменений в решение акима Бейнеуского района от 27 декабря 2018 года № 5 "Об образовании избирательных участков"

Решение акима Бейнеуского района Мангистауской области от 20 ноября 2020 года № 8. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области 23 ноября 2020 года № 4346

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" аким Бейнеуского района РЕШИЛ:

      1. Внести в решение акима Бейнеуского района от 27 декабря 2018 года № 5 "Об образовании избирательных участков" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3772, опубликовано 17 января 2019 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан) следующие изменения:

      в приложении:

      избирательный участок № 117 изложить в новой редакции:

      "Избирательный участок № 117

      Центр: здание государственного коммунального казенного предприятия "Ясли-сад "Бейнеу" государственного учреждения "Аппарат акима села Бейнеу".

      Граница: республиканское государственное учреждение "Департамент Пограничной службы Комитета национальной безопасности Республики Казахстан по Мангистауской области", республиканское государственное учреждение "Войсковая часть 99116" Министерства обороны Республики Казахстан.";

      избирательный участок № 138 изложить в новой редакции:

      "Избирательный участок № 138

      Центр: здание государственного коммунального казенного предприятия "Ясли-сад "Атамекен" государственного учреждения "Аппарат акима села Бейнеу".

      Граница: дома улиц имени Жамбыла, имени Абая, имени Т. Токтарова, имени Ж. Аймауытова, имени Курмангазы, имени Саттигул села Бейнеу.";

      избирательный участок № 139 изложить в новой редакции:

      "Избирательный участок № 139

      Центр: здание государственного коммунального казенного предприятия "Ясли-сад "Куйкен" государственного учреждения "Аппарат акима села Бейнеу".

      Граница: дома № 21-135 улицы имени А. Керейулы, дома № 27-135 улицы имени Ерменбет би, дома № 28-135 улицы имени Турманбет батыра, дома № 30-135 улицы имени Турсына, дома улиц Шагырлы, имени Т. Косжанулы села Бейнеу.";

      избирательный участок № 140 изложить в новой редакции:

      "Избирательный участок № 140

      Центр: здание государственного коммунального казенного предприятия "Ясли-сад "Манашы" государственного учреждения "Аппарат акима села Бейнеу".

      Граница: дома № 87-146 улицы имени К.Сатбаева, дома № 81-241 улицы имени Т. Рыскулова, дома № 128-179 улицы имени Асау батыра, дома № 58-120 улицы имени Калнияз акына, дома № 128-179 улицы имени Амантурлы батыра, дома № 115-179 улицы имени К. Токсанбайулы, дома № 118-179 улицы имени Балуанияз батыра, дома улиц Белдеули, Бирлик, Билеули, имени Рзаевых, имени С. Бегендикулы села Бейнеу.".

      2. Государственному учреждению "Аппарат акима Бейнеуского района" (Г. Бакытова) обеспечить государственную регистрацию настоящего решения в органах юстиции, его официальное опубликование в средствах массовой информации.

      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на руководителя аппарата акима Бейнеуского района Бакытову Г.

      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Бейнеуского района Б. Абилов

Бейнеу ауданы әкімінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 5 "Сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімінің 2020 жылғы 20 қарашадағы № 8 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 23 қарашада № 4346 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес Бейнеу ауданының әкімі ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. "Сайлау учаскелерін құру туралы" Бейнеу ауданы әкімінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 5 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3772 болып тіркелген, 2019 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      қосымшада:

      № 117 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 117 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Бейнеу ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Бейнеу" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.

      Шекарасы: "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "99116 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі.";

      № 138 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 138 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Бейнеу ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Атамекен" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.

      Шекарасы: Бейнеу ауылының Жамбыл атындағы, Абай атындағы, Т. Тоқтаров атындағы, Ж. Аймауытов атындағы, Құрманғазы атындағы, Сәттіғұл атындағы көшелерінің үйлері.";

      № 139 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 139 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Бейнеу ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Күйкен" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.

      Шекарасы: Бейнеу ауылының А. Керейұлы атындағы көшесінің № 21-135 үйлері, Ерменбет би атындағы көшесінің № 27-135 үйлері, Тұрманбет батыр атындағы көшесінің № 28-135 үйлері, Тұрсын атындағы көшесінің № 30-135 үйлері, Шағырлы, Т. Қосжанұлы атындағы көшелерінің үйлері.";

      № 140 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 140 сайлау учаскесі

      Орталығы: "Бейнеу ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Манашы" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.

      Шекарасы: Бейнеу ауылының Қ.Сәтбаев атындағы көшесінің № 87-146 үйлері, Т. Рысқұлов атындағы көшесінің № 81-241 үйлері, Асау батыр атындағы көшесінің № 128-179 үйлері, Қалнияз ақын атындағы көшесінің № 58-120 үйлері, Амантұрлы батыр атындағы көшесінің № 128–179 үйлері, Қ.Тоқсанбайұлы атындағы көшесінің № 115-179 үйлері, Балуанияз батыр атындағы көшесінің №118-179 үйлері, Белдеулі, Бірлік, Білеулі, Рзаевтар атындағы, С. Бегендікұлы атындағы көшелерінің үйлері.".

      2. "Бейнеу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (Г. Бақытова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалысын бақылау Бейнеу ауданы әкімі аппаратының басшысы Г. Бақытоваға жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бейнеу ауданының әкімі Б. Абилов