О внесении изменений в решение маслихата от 2 сентября 2020 года № 425 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"

Решение маслихата Карасуского района Костанайской области от 8 декабря 2020 года № 450. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 14 декабря 2020 года № 9631. Утратило силу решением маслихата Карасуского района Костанайской области от 16 августа 2023 года № 54

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Карасуского района Костанайской области от 16.08.2023 № 54 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" Карасуский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" от 2 сентября 2020 года № 425 (опубликовано 8 сентября 2020 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан, зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 9431) следующие изменения:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан, утвержденных указанным решением:

      подпункт 8) пункт 7 на казахском языке изложить в новой редакции, текст на русском языке не меняется;

      пункт 13 на казахском языке изложить в новой редакции, текст на русском языке не меняется;

      пункты 14, 15 изложить в новой редакции:

      "14. Для получения социальной помощи при наступлении трудной жизненной ситуации заявитель от себя или от имени семьи в уполномоченный орган или акиму села, сельского округа предоставляет заявление с приложением следующих документов:

      1) документ, удостоверяющий личность;

      2) сведения о доходах лица (членов семьи), указанных в абзаце втором подпункта 4) пункта 6, подпунктах 5), 6) пункта 7 настоящих Правил;

      3) акт и/или документ, подтверждающий наступление трудной жизненной ситуации.

      Для получения социальной помощи, которая назначается независимо от доходов лица (членов семьи), сведения о доходах лица (членов семьи) не предоставляются.

      15. Документы представляются в подлинниках для сверки, после чего подлинники документов возвращаются заявителю.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии А. Ускумбаева
      Секретарь Карасуского районного маслихата С. Казиев

Мәслихаттың 2020 жылғы 2 қыркүйектегі № 425 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № 450 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 14 желтоқсанда № 9631 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 2023 жылғы 16 тамыздағы № 54 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 16.08.2023 № 54 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 2 қыркүйектегі № 425 шешіміне (2020 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiнде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9431 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      қазақ тіліндегі 7-тармақтың 8) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "8) Заңның 5, 6, 7, 8-баптарында көрсетілген ардагерлерге және басқа да адамдарға, Жеңіс күніне орай, табыстарын есепке алмай, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.";

      қазақ тіліндегі 13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "13. Ай сайынғы әлеуметтік көмекті алу үшін:

      осы Қағидалардың 6-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген, бірінші рет өтініш берген адамдар мынадай құжаттармен:

      1) жеке басын куәландыратын құжатпен;

      2) өтініш берушінің әлеуметтік мәртебесін растайтын құжатпен қоса өтініш береді;

      осы Қағидалардың 6-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген адамдар (отбасылар) не заңды өкілдері мынадай құжаттармен:

      1) жеке басын куәландыратын құжатпен;

      2) адамның иммун тапшылығы вирусы ауруын растайтын құжатпен қоса өтініш береді.";

      14, 15-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "14. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округтің әкіміне мынадай құжаттармен:

      1) жеке басын куәландыратын құжатпен;

      2) осы Қағидалардың 6-тармағының 4) тармақшасы екінші абзацында, 7-тармағының 5), 6) тармақшаларында көрсетілген адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтермен;

      3) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актімен және/немесе құжатпен қоса өтініш береді.

      Адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамастан тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер ұсынылмайды.

      15. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы А. Ускумбаева
      Қарасу аудандық мәслихатының хатшысы С. Казиев