О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Торайгырского сельского округа Баянаульского района от 16 января 2020 года № 1-04/04 "Об установлении ограничительных мероприятий на территории крестьянского хозяйства "Ерлік" расположенного в Торайгырском сельском округе Баянаульского района"

Решение акима Торайгырского сельского округа Баянаульского района Павлодарской области от 23 июля 2020 года № 1-04/27. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 24 июля 2020 года № 6870

      В соответствии с пунктом 2 статьи 35 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 8) статьи 10-1 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии", подпунктом 4) пункта 2 статьи 46 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах", на основании представления главного государственного ветеринарно - санитарного инспектора Баянаульского района от 09 июня 2020 года № 2-19/116, аким Торайгырского сельского округа РЕШИЛ:

      1. В связи с проведением комплекса ветеринарно-санитарных мероприятий по ликвидации болезни бруцеллеза крупного рогатого скота снять ограничительные мероприятия, установленные на территории крестьянского хозяйства "Ерлік" расположенного в Торайгырском сельском округе Баянаульского района.

      2. Признать утратившим силу решение акима Торайгырского сельского округа Баянаульского района от 16 января 2020 года № 1-04/04 "Об установлении ограничительных мероприятий на территории крестьянского хозяйства "Ерлік" расположенного в Торайгырском сельском округе Баянаульского района" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6715, опубликованное 24 января 2020 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан).

      3. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      4. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким Торайгырского сельского округа А. Абраров

Шектеу іс-шараларын тоқтату және Баянауыл ауданы Торайғыр ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 16 қаңтардағы "Баянауыл ауданы Торайғыр ауылдық округінде орналасқан "Ерлік" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-04/04 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Павлодар облысы Баянауыл ауданы Торайғыр ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 23 шілдедегі № 1-04/27 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 24 шілдеде № 6870 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Баянауыл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық инспекторының 2020 жылғы 09 маусымдағы № 2-19/116 ұсынысы негізінде, Торайғыр ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Баянауыл ауданы Торайғыр ауылдық округінде орналасқан "Ерлік" шаруа қожалығының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Баянауыл ауданы Торайғыр ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 16 қаңтардағы "Баянауыл ауданы Торайғыр ауылдық округінде орналасқан "Ерлік" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-04/04 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6715 болып тіркелген, 2020 жылғы 24 қаңтардағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Торайғыр ауылдық округінің әкімі А. Абраров