О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Северо-Казахстанской области

Постановление акимата Северо-Казахстанской области от 4 марта 2020 года № 47. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 10 марта 2020 года № 6081

      В соответствии с пунктом 2 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", со статьей 27 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" акимат Северо-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Признать утратившими силу следующие постановления акимата Северо-Казахстанской области:

      1) постановление акимата Северо-Казахстанской области "Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере архитектурной и градостроительной деятельности" от 08 декабря 2016 года № 480 (опубликовано 19 января 2017 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде, зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 3991);

      2) постановление акимата Северо-Казахстанской области "Об утверждении регламента государственной услуги "Согласование эскиза (эскизного проекта)" от 22 января 2018 года № 19 (опубликовано 16 февраля 2018 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде, зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 4564).

      2. Коммунальному государственному учреждению "Управление строительства, архитектуры и градостроительства акимата Северо-Казахстанской области" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в Республиканском государственном учреждении "Департамент юстиции Северо-Казахстанской области Министерства юстиции Республики Казахстан";

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Северо-Казахстанской области после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима области.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким
Северо-Казахстанской области
К. Аксакалов

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 4 наурыздағы № 47 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 10 наурызда № 6081 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 2-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылсын:

      1) "Сәулет және қала құрылысы қызметі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 08 желтоқсандағы № 480 қаулысы (2017 жылғы 19 қаңтар Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 3991 болып тіркелді);

      2) "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 22 қаңтардағы № 19 қаулысы (2018 жылғы 16 ақпан Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 4564 болып тіркелді).

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мыналарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан
облысының әкімі
К. Аксакалов