О внесении изменений в решение Исатайского районного маслихата от 19 ноября 2015 года № 284-V "Об определении порядка и установлении размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану"

Решение Исатайского районного маслихата Атырауской области от 21 августа 2020 года № 323-VI. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 4 сентября 2020 года № 4712

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 26 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" Исатайский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Исатайского районного маслихата от 19 ноября 2015 года № 284-V "Об определении порядка и установлении размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану" (зарегистрированное в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3395, опубликованное в газете "Нарын таңы" 31 декабря 2015 года) следующие изменения:

      1) во вступительной части (преамбуле) указанного решения слова "и Приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 28 апреля 2015 года № 279 "Об утверждении стандартов государственных услуг в социально-трудовой сфере" (зарегистрирован в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11342)" исключить;

      2) в подпункте 2) пункта 2:

      слова "Атырауское областное управление образования" заменить словами "Управление образования Атырауской области".

      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Исатайского районного маслихата по социальным вопросам, гендерной политики, по связам с неправительственными организациями (Мутянова. Л).

      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции, вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии М. Жиенгазиев
      Секретарь маслихата Н. Муханбеталиев

Исатай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 19 қарашадағы № 284-V "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын айқындау тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 21 тамыздағы № 323-VI шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 4 қыркүйекте № 4712 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес Исатай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Исатай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 19 қарашадағы № 284-V "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын айқындау тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3395 болып тіркелген, "Нарын таңы" газетінде 2015 жылғы 31 желтоқсанда жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      1) көрсетілген шешімнің кіріспе бөліктегі (кіріспедегі) "және "Әлеуметтік еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 санымен тіркелді)" деген сөздер алынып тасталсын;

      2) 2-тармақтың 2) тармақшасындағы:

      "Атырау облыстық білім беру басқармасы" деген сөздер, "Атырау облысы Білім беру басқармасы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Исатай аудандық маслихатының әлеуметтік мәселелер, гендерлік саясат, үкіметтік емес ұйымдармен байланыс жөніндегі тұрақты комиссиясына (Л. Мутяноваға) жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы М. Жиенгазиев
      Мәслихат хатшысы Н. Муханбеталиев