О признании утратившим силу решение Созакского районного маслихата от 4 декабря 2019 года № 282 "Об установлении единых ставок фиксированного налога для всех налогоплательщиков, осуществляющих деятельность на территории Созакского района"

Решение Созакского районного маслихата Туркестанской области от 5 июня 2020 года № 335. Зарегистрировано Департаментом юстиции Туркестанской области 30 июня 2020 года № 5674

      В соответствии с пунктом 5 статьи 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 27 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах", Созакский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Признать утратившим силу решение Созакского районного маслихата от 4 декабря 2019 года № 282 "Об установлении единых ставок фиксированного налога для всех налогоплательщиков, осуществляющих деятельность на территории Созакского района" (зарегистрированного в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5283, опубликовано 13 декабря 2019 года в эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде).

      2. Государственному учреждению "Аппарат Созакского районного маслихата" в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в Республиканском государственном учреждении "Департамент юстиции Туркестанской области Министерства юстиции Республики Казахстан";

      2) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе Созакского районного маслихата после его официального опубликования.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Cекретарь районного маслихата Б. Байғараев

Созақ аудандық мәслихатының 2019 жылғы 4 желтоқсандағы № 282 "Созақ ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Түркістан облысы Созақ аудандық мәслихатының 2020 жылғы 5 маусымдағы № 335 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 30 маусымда № 5674 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5 тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, Созақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Созақ аудандық мәслихатының 2019 жылғы 4 желтоқсандағы № 282 "Созақ ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5283 тіркелген, 2019 жылғы 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. "Созақ аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Созақ аудандық мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат хатшысы Б. Байғараев