О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу постановления акимата города Риддера от 20 июля 2020 года № 418 "Об установлении ограничительных мероприятий в городе Риддер"

Постановление акимата города Риддера Восточно-Казахстанской области от 16 ноября 2020 года № 708. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 19 ноября 2020 года № 7838

      Примечание ИЗПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с подпунктом 10) пункта 2 статьи 10 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии", подпунктом 4) пункта 2 статьи 46 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах", на основании представления главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора города Риддера от 10 ноября 2020 года № 34, акимат города Риддера ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Снять ограничительные мероприятия на территории села Поперечное города Риддера, в связи с проведением комплекса ветеринарных мероприятий по ликвидации очагов бруцеллеза крупного рогатого скота.

      2. Признать утратившим силу постановление акимата города Риддера от 20 июля 2020 года № 418 "Об установлении ограничительных мероприятий в городе Риддер" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 7409, опубликовано 29 июля 2020 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде).

      3. Государственному учреждению "Аппарат акима города Риддера" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в территориальном органе юстиции;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего постановления направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания, распространяемые на территории города Риддера;

      3) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акима города Риддера после его официального опубликования.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Д. Горьковой

Шектеу іс-шараларын тоқтату және "Риддер қаласында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Риддер қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 20 шілдедегі № 418 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № 708 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 19 қарашада № 7838 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабы 2-тармағының 10) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Риддер қаласының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 10 қарашадағы № 34 ұсынысының негізінде, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Риддер қаласының Поперечное ауылы аумағында ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін ірі қара малдың бруцеллез ошақтарының жойылуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. "Риддер қаласында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Риддер қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 20 шілдедегі № 418 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7409 тіркелген, 2020 жылғы 29 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Риддер қаласы әкімінің аппараты" мемлекекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Риддер қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;

      3) осы қаулынының ресми жарияланғанынан кейін Риддер қаласы әкімінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Д. Горьковой