О внесении изменений в решение Глубоковского районного маслихата от 25 февраля 2015 года № 33/2-V "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи"

Решение Глубоковского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 27 марта 2020 года № 39/10-VI. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 3 апреля 2020 года № 6847. Утратило силу решением Глубоковского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 20 марта 2024 года № 10/5-VIII

      Сноска. Утратило силу решением Глубоковского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 20.03.2024 № 10/5-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание ИЗПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с пунктом 2 статьи 50 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" Глубоковский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести решение Глубоковского районного маслихата от 25 февраля 2015 года № 33/2-V "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3794, опубликовано 7 апреля 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующие изменения:

      в Правилах определения размера и порядка оказания жилищной помощи, утвержденных указанным решением:

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. Жилищная помощь оказывается за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно зарегистрированным и проживающим в жилище, которое находится на праве собственности как единственное жилище на территории Республики Казахстан, а также нанимателям (поднанимателям) жилища из государственного жилищного фонда и жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, на оплату:

      расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе на капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума;

      потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций;

      расходов за пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений. Сумма расходов учитывается средняя за квартал, предшествующий кварталу обращения за назначением жилищной помощи по предъявленным поставщиками счетам на оплату коммунальных услуг.";

      пункт 15 изложить в следующей редакции:

      "15. Совокупный доход семьи (гражданина), претендующей на получение жилищной помощи, исчисляется уполномоченным органом.";

      абзац 1 пункта 16 изложить в следующей редакции:

      "16. При назначении жилищной помощи учитываются следующие условия:";

      абзац 8 пункта 22 изложить в следующей редакции:

      "норма расхода на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, равна минимальному размеру расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, утвержденному Глубоковским районным маслихатом;".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Р. Жансаитов
      Секретарь Глубоковского районного маслихата А. Баймульдинов

Глубокое аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 ақпандағы № 33/2-V "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 2020 жылғы 27 наурыздағы № 39/10-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 3 сәуірде № 6847 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 наурыздағы № 10/5-VIII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 20.03.2024 № 10/5-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Глубокое аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 ақпандағы № 33/2-V "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3794 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      осы шешіммен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасында:

      2-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаттары есебінен Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды;

      коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге тұрғын үй көмегі көрсетіледі.

      Тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданған аз қамтамасыз етілген отбасылардың (азаматтардың) шығындары жоғарыда аталған бағыттардың әрқайсысы үшін шығындар сомасы ретінде анықталады. Шығындар сомасы коммуналдық төлемдерді төлеу үшін жеткізушілер ұсынған есепшоттар бойынша тұрғын үй көмегіне жүгінудің тоқсанындағы алдыңғы тоқсандағы орташа есеппен ескеріледі.";

      15-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "15. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган есептейді.";

      16-тармақтың 1 абзацы келесі редакцияда жазылсын:

      "16. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде келесі шарттар ескеріледі:";

      22-тармақтың 8 абзацы келесі редакцияда жазылсын:

      "кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыс нормасы Глубокое аудандық мәслихаты бекіткен кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төменгі мөлшеріне тең;".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия торағасы Р. Жансаитов
      Глубокое аудандық мәслихатының хатшысы А. Баймульдинов